ҚР ҚМ Әскери медициналық орталығында мамандарды даярлаудың үздік халықаралық тәжірибесі енгізіледі

ҚР ҚМ Әскери медициналық орталығында мамандарды даярлаудың үздік халықаралық тәжірибесі енгізіледі
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ресми сайтынан алынған фото

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің Әскери медициналық орталығы үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес мамандардың әскери-медициналық даярлығын дамыту, жаңа оқу бағдарламаларын енгізу және өңірлік деңгейге шығу сияқты келешегі зор бағыттарды игеруде.

Аталған орталықта дөңгелек үстелдерден бастап тренингтер мен оқыту курстарына дейінгі әр түрлі пішімдегі тұтас кешенді іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі. Тәжірибе алмасу, жаңа жобалар жасау үшін Қазақстанның түкпір-түкпірі мен шет мемлекеттерден әскери медицина саласындағы мамандар шақыртылады.

Оның ішінде, ағымдағы жылы Алматы өңірлік гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінің хирургия саласындағы медициналық мамандарға арналған курстар ұйымдастырылған болатын. Оқытуды Швецияның халықаралық дәрежедегі бапкерлер, жетекші хирург мамандары өткізді. Аталмыш курста жаралыларды сұрыптау қағидаттары жеке тақырып ретінде зерделенгенін айта кеткен абзал. Бұл әскери медицина мамандары үшін аса маңызды тақырып болып табылады.

Себебі, қарулы қақтығыстар жағдайында жаралылардың көп болуы кезінде медициналық көмек көрсету кезегін белгілеу қабылдауға мәжбүр ең күрделі шешім болып келеді. Қазақстан Қарулы Күштері делегациясының Токио (Жапония) қаласында оқу орындар мен әскери-медициналық мекемелерді аралау кезінде ҚР ҚМ Әскери медициналық орталығы медицина кадрларын даярлау және жаңа оқу бағдарламаларын енгізу мәселелерін көтерген болатын. Бұл жерде қазақстандықтар әскери-медициналық мамандарды оқыту, сонымен қатар, ұтқыр далалық госпитальдерді пайдалану әдістемесін зерделеді.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

ПТРК "Метис" - самый мощный из самых легких

ПТРК "Метис" - самый мощный из самых легких