Әскери міндеттілер оқу жиынына аттанды

Әскери оқу жиындарына Қостанай облысының жергілікті әскери басқару органдарымен жалпы 40-қа жуық әскери міндетті тартылады. Жиынға қатысушылардың алғашқы легі – шамамен запастағы 20 сержант, сарбаз Қарағанды облысы Спасск оқу орталығына аттанса, запастағы 20-ға жуық офицер физикалық мүмкіндіктерін жетілдіріп, қару-жарақ пен әскери техникалардың жаңа түрлерін меңгеру үшін Алматы қаласындағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтына жіберілді.

Қазан айында запастағы офицерлерің соңғы командасы Алматыдағы Құрлық әскерлерінің әскери институтына барады. Қазіргі уақытта запастағы жауынгерлер үшін дайындық кезеңі жүріп жатыр. Олар медициналық тексерістен өтіп, басқа да құжаттарын дайындау үстінде.

Әскери міндеттілердің мұндай жиыны облысымызда соңғы рет 2014 жылы өткендігін айтады Қостанай облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті жұмылдыруды жоспарлау бөлімінің бастығы Ерлан Тортаев:

-                     Әскери міндеттілердің әрқайсысы әртүрлі салада жұмыс істейді. Бұл азаматтардың қызметтеріне ешқандай кедергі келтірмейді. Олар оқу-жаттығуда жүрген кездерінде айлық жалақылары мен жұмыс орындары сақталады. Мұның бәрі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңымен белгіленген. Оқу-жаттығу жұмыстарына әскери міндеттілер облысымыздың әр аудандарынан жұмылдыруда. Әсіресе, Амангелді ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі аталмыш шара барысында белсенді жұмыс істеуде деп атап өтуге болады. Сонымен қатар шақырылушы азаматтардың өздерінің бойынан да патриоттық сезімдері оянып, әскери білім деңгейлерін жетілдіру мақсаты байқалады.

 

 

Назгүл Шабдарова

Қостанай облысы

Қорғаныс істері жөніндегі

департаментінің

баспасөз хатшысы

 

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"