Әскери міндеттілер білімдерін шыңдады

Елордада аумақтық қорғаныс бригадасына тіркелген запастағы әскери міндеттілермен әскери жиын өткізілуде.

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 33-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы №620 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу Ережелері» талаптарынына сәйкес аумақтық қорғаныс бригадасына тіркелген 80-ге жуық 40 жасқа дейінгі әскери міндетті жоспарлы жиынға шақырылды. Соның ішінде «Есіл» ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының да әскери міндеттілері бар.

Қарашаның 4-і мен 13-і аралығында әскери міндеттілер далалық дайындық пен қимыл үйлестіру даярлығын шыңдады. Дәрістер келесі әскери пәндер бойынша: жалпы әскери жарғылар, тактикалық дайындық, әскери топография, инженерлік дайындық, радиациялық, химиялық және биологиялық қарудан қорғану дайындығы және оқ атуға машықтануы бойынша өткізілді.

Аумақтық қорғаныс бригадасының негізгі міндеті – қаланың маңызды стратегиялық нысандарын күзету және қорғау, ерекше кезеңінде әскери жағдайды қамтамасыз етіп отыру.

 

                                                                                 Капитан Қайрат Исаев,

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының кадрлар және саптық бөлімінің бастығы


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Самоходная пушка-гаубица ShKH vz. 77 Dana

Самоходная пушка-гаубица ShKH vz. 77 Dana

Буксируемые гаубицы

Буксируемые гаубицы