Әскери келісімшарттың тиімділігІ

Келісімшартпен әскери қызмет ету дамыған елдердің көпшілігінде бар. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің кәсіби деңгейін жақсарту мақсатында  біздің елде де келісімшартпен әскери қызметке кіру тәжірибеге енген.

Ендеше, осы келісімшарт бойынша әскери қызмет ету жөнінде қысқаша анықтама бере кетейік. Егер қойылған талаптарға сай болса, Қазақстанның кез келген азаматы өз еркімен әскери келісімшартты жасай алады. Яғни, медициналық комиссиядан өтіп, ақыл-есінің психологиялық жағынан тұрақтылығы жөнінде тестте сыналып, физиологиялық дайындығы тексеріліп, сұхбаттасудан сүрінбей өткен азаматтарға әскери бөлім бос жұмыс орындарын ұсынады. Бұрын мұндай келісімшартты запастағы офицерлер, сержанттар мен сарбаздар ғана жасай алатын. Енді, осындай мүмкіндік мерзімді әскери қызметін өтей алмаған, шақыру жасындағы жастарға да беріледі. Осындай мүмкіншілікті  қазіргі әскери келісімшарттың тиімділігі деп айта аламыз.

 Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіргендер сол өңірдегі орташа айлық еңбекақыдан жоғары еңбекақы алады және толық әлеуметтік пакетпен қамтылады. Сонымен қатар, үй немесе пәтер жалдаса, оның ақысын төлеу үшін, айлық еңбекақыға қосымша алады және отбасыларының әлеуметтік қорғалуына кепілдік беріледі. Әр өңірде  адам басына төленетін пәтер құны тағайындалған. Өз ісін адал әрі жауапты атқарған әскери қызметшінің айлық еңбекақысы мен жұмыс дәрежесі жоғарылайды. Келісімшарт бойынша қызмет еткен әскерилерге тегін медициналық қызмет көрсетілуіне, балабақшаларда кезектен тыс орын алуға, өзінің кәсіби деңгейін жоғарылатуына да кепілдік беріледі. Сондай-ақ, Қарулы күштерде 8 жыл қызмет өткерген қызметкер жоғары оқу орнында білімін жалғастырамын десе, жұмыс беруші жақ оқудың 50 пайызын төлейді. Қызығушылық танытқан адамдар толығырақ анықтама алу үшін өзінің тұрғылықты орталықтарындағы Қорғаныс істері жөніндегі басқармаға баруына болады.

 

 

А.ШОМАХАН


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"