Әскери дискурс – әскери журналистиканың әліппесі

Осымен бесінші мәрте ұйымдастырылып отырған «Әскери дискурс» практилық семинары маусымның 24-і күні өз мәресіне жетті. Оған арнайы барып қатысқан еліміздің Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Спасск» оқу-жаттығу полигонының базасында жүрген республикалық ақпарат құралдары өкілдерімен жүздесіп, олармен емен-жарқын әңгімелесті. Сондай-ақ, Байланыс және Ақпарат қызметкерлері күнінің қарсаңында әскери тақырыпты қаужап жүрген еліміздегі жетекші Бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларымен кездесіп, төл мерекелерімен құттықтады.

Әскери атыс алаңында

Бүгінде әлемдегі шиеленістің тереңдей түсіп, қарулы қақтығыстардың көбейіп, геосаяси ахуалдың алмағайып кезеңінде тек әскери қызметшілердің ғана емес, әскери журналистердің де қызметі айрықша сұранысқа ие. Әскери журналистерді әзірлеу уақыт талабына айналды.

Осы мақсатты көздеген ҚР Қорғаныс министрлігі 2015 жылдан бері үлкен жоба – «Әскери дискурс» семинарын ұйымдастыруды қолға алып келеді. Аталмыш шара барысында жетекші телеарналардың, радиостанциялардың, республикалық газеттер мен журналдардың, ақпараттық агентікттердің журналистері бас қосып, олар қақтығыс ошағына шығуға дайындық жүргізеді. Сондай-ақ, кейбір қару түрлері мен жарылғыш заттардың әрекет ету ерекшеліктерін, артиллерия және гранатаатқыштармен атып өту кезіндегі қауіпсіздік шаралары мен өзін-өзі ұстау ережелерін, миналық алаңдарды айналып өту әдістері мен психологиялық дайындық ерекшеліктерін зерделеп, бірақ тәжірибе жинақтайды. Яғни,  әскери атыс алаңында өткізілетін семинарды әскери журналистиканың әліппесі деуге болады.

Алғашқы жылы БАҚ өкілдерін құшақ жая қарсы алған «Спасск» оқу-жаттығуы биыл да оларға төрінен орын берді.

Қорғаныс министрлігінің мұрындық болуымен осымен бесінші мәрте ұйымдастырылып отырған семинар Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығының базасында өтті.

«Әскери дискурс» практикалық семинары қазақстандық журналистерді қарулы қақтығыс аймағы мен экстремалды жағдайларда қазақстандық журналистерді жұмыс жасауға, сондай-ақ лаңкестік актілерді жариялауға оқытып-үйрету үшін ұйымдастырылды. Үш күн бойы ҚР Қарулы Күштерінің тәжірибелі әскери нұсқаушылары теория және іс жүзінде журналистерді әскери іс-қимылдар ошағында, экстремалды жағдайларда жұмыс жасауға және бұл ретте сапалы ақпараттық материалды қалай дайындау керек екендігін үйретті. Бұл жолы семинарда қалалық жағдайларда, жаппай іс-шаралар мен акцияларда жауынгерлік іс-қимылдар барысында журналистердің практикалық іс-қимылдары пысықталды.

 Семинардың берері мол

 Мұндай кездесулер өте пайдалы. Өйткені, ақпараттық салада ден қоюдың дұрыс тетігін пысықтау үшін айналада болып жатқан оқиғаларды жете түсінуге және талдауға мүмкіндік береді. «Әскери дискурс» практикалық семинары БАҚ өкілдерінің белгілі бір арнайы білім алуы, ақпаратты жинау мен талдау бойынша машықтануы, сондай-ақ жоғары қауіп аймақтарында жұмыс жасау кезінде туындайтын қауіп-қатерлерді барынша азайту шеберлігін ұштау мақсатында өткізілетін журналистика бағыттарының бірі болып табылатынын айта кету қажет.

Қатысушылардың алдында шынайыға жақындатылған жағдайлардағы арнайы операциялар кезінде өздерінің іс-қимылдарын пысықтауды үйрену міндеті тұрды. Аталған семинар журналистер қауымына Қазақстанның заманауи Қарулы Күштерінің тыныс-тіршілігі өз көздерімен көрулеріне мүмкіндік берді. Кездесу аясында журналистер лаңкестіктің, топтардың жалпы сипаттамаларын, қаржыландыру қағидаттары проблемаларының зерттемелері туралы біліп қана қоймай, сонымен бірге, олардың көкейінде жүрген сұрақтарға тұшымды жауап алуға мүмкіндік берді.

Қазақстандық журналистермен сабақтарды кәсіби нұсқаушылар, ҚР Қорғаныс министрлігінің арнайы мақсаттағы әскери қызметшілері өткізгенін естеріңізге сала кетейік. Семинардың үш күндік бағдарламасы оқиғаға толы болды. Дәріс курсы, оқу фильмдерін тамашалау, әскери техниканы көрсету, сондай-ақ алған білімдерін іс жүзінде қолдануды қамтыды. Семинар басталғалы бері күн сайын семинарға қатысушылар әскердің біте қайнасқан өміріне еніп кетті. Семинар барысында іс жүзінде қарсыластың шабуыл жасау қауіп-қатері кезіндегі журналистердің іс-әрекеттері пысықталды. Дискурстың жабылуы күнінде қатысушылардың ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақовпен кездесулері өтті. Онда экстремалды журналистика бойынша негізгі мәселелер талқыға салынды. Одан басқа, жақында ғана ҚР Қорғаныс министрі Астанада республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларымен кездесіп, әрі қарайғы бірлескен жұмыс туралы ынтымақтастық алгоритмін талқылаған болатын.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"