Әскери бөлімдер мен құрамаларды тексерілді

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев Алматы, Қапшағай және Сарыөзек гарнизондарының әскери бөлімдерін тексеріп қайтты.

Сапардың негізгі мақсаты жауынгерлік даярлық іс-шараларының барысын тексеру болды. Комиссия оқыту пәндері бойынша сабақтар өткізілетін оқу-жаттығу алаңдары мен полигондарға барды. Одан басқа, Қапшағай гарнизонының құрамалары мен әскери бөлімдері көрсетілген аудандарға марш жасай отырып, дабыл бойынша көтерілді. Тексеру нәтижелері бойынша Бас штабының бастығы бөлімшелердің оқытылуы мен үйлесімділігіне жоғары баға берді. Сондай-ақ әскерлердің жауынгерлік әзірлігін арттыру және жауынгерлік даярлықты әрі қарай жетілдіру бойынша тапсырмалар берілді. Жұмыс сапары шеңберінде «Төртінші өнеркәсіп революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелері мен ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін баспанамен қамтамасыз етудің жаңа тетігін» түсіндіру жүргізілді.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"