Әскери бөлімнің туған күні тойланды

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 30217 әскери бөлімінің құрылғанына 27 жыл толуына орай мәдени-демалыс клубында салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Әскери бөлімнің іргетасы КСРО-ның қорғаныс министрі Директивасының негізінде 1989 жылы қаланды. Құрылу тарихы сонау Карель, кейін 2-ші Белорусь майданына қатысқан 71-ші  мотоатқыштар дивизиясынан басталады.

Майданның алдыңғы шебінде болып, соғыстың соңғы жылдары құрметті Торуньская атағын иеленген дивизияның құрамында екі Кеңес Одағының Батыры тәрбиеленгенін де айта кеткен жөн. Мерекелік шарада әскери бөлімнің тұңғыш командирі ҚР Қарулы Күштерінің ардагері, Анголадағы жауынгерлік қимылдарға қатысқан запастағы генерал-майор Александр Алексеевич Мартынов, командирдің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі алғашқы орынбасары Александр Владимирович Коновалов қонақ болды.

Бүгінгі күні полковник Рашид Орақбайұлы Османов жетекшілік ететін бөлімнің туған күнінде барша ардагерлерге қошемет көрсетілді. Салтанатты жиында әскери қызметтегі кәсіби шеберлігі үшін бір топ офицер алғыс алып, көп жыл еңбек етіп жүрген қызметкерлерге сый-құрмет жасалды. Қонақтар да өз сыйлықтарын тарту етті. Мерекелік кеш соңы әскери бөлім өнерпаздарының концертіне ұласты. 
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"