Әскери бөлімдер мен мекемелерде азық-түлік қызметінің жұмысын ұйымдастыруға өзгерістер енгізіледі

БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

«Бейбiт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн азық-түлiкпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 353 бұйрығы толықтырылды.

Жаңа редакцияда әскери оқу орындарының кадеттеріне, тәрбиеленушілері мен ұландарына демалысқа, каникулға шыққан кезде демалыс, каникул өткізу орнына жүру кезенде оларға азық-түлік беріледі.

Сонымен бірге бұйрық жобасында Қарулы Күштерде әскери бөлім мен мекеме объектілерінде азық-түлік қызметтерін ұйымдастыру жұмыстарына өзгерістер қарастырылған. Олар жабдықталым нормаларын жеке құрамға жеткізуді, азық-түлікпен қамтамасыз ету қызметін ұйымдастырудың сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Бұйрық жобасының толық мәтініменашық нормативтік құқықтық актілер интернет-ресурсында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"