Әскери бөлімдегі қос бірдей шара

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы Семей гарнизонының 54770 әскери бөлімінде ҚР Қарулы Күштеріндегі белгіленген мерзімді қызметтерін өткерген жауынгерлерді әскер қатарынан шығарып салу және мерзімді қызметтегі сарбаздарды қарсы алу салтанаты өтті.

   «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген мерзімді өтеп болған жауынгерлерді бөлім командирі подполковник Мадияр Увалиев құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. «Запасқа шығарылатын мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді көтермелеу туралы» бөлім командирінің бұйрығы оқылып, әскери тәртібі үлгілі және жауынгерлік дайындықта жетістікке жетіп, Отан алдындағы борышын жауапкершілікпен адал орындаған сарбаздарға мақтау қағазы табыс етілді. Отан қорғаушыларға дұрыс тәрбие берген ата-аналарға да алғыс айтылды. Мінбеге сарбаздар атынан мерзімді қызмет ефрейторы И.Шабанов пен мерзімді қызметтегі қатардағы Л.Азанбай шығып, зор ризашылықтарын білдірді. Шараға Семей қаласындағы 37-ші мектеп-гимназиясында құрылған «Намыс» әскери-патриоттық клубының жетекшісі А.Омаров, интернационалист-жауынгер Н.Нұрланов, ҚР ҚК ардагері запастағы подполковник Н.Шолоханов та қатысты. ҚР Қарулы Күштеріндегі белгіленген мерзімді қызметтерін өткерген жауынгерлер алдынан бөлімнің жеке құрамы салтанатты шерумен жүріп өтті.

   Бұл күні 54770 бөлімі әскери борышын одан әрі өтеуші мерзімді қызметтегі

19 сарбазбен толықты. Қапшағай қаласынан шақырылған жауынгерлерге бөлімнің құрылу тарихы мен бүгінгі күнге дейінгі жетістіктері жайында қысқаша баяндалды. Алда тұрған мақсат-міндеттер де түсіндірілді. Отан алдындағы әскери борышты өтеуде қиындықты шыдаммен және қайратпен жеңіп, әрқайсысының еліміздің тыныштығын күзететін абыройлы азамат атанатынына зор сенім білдірілді. Сондай-ақ, сарбаздардың күнделікті хал-жағдайын біліп, әңгімелесу өткізетін әскери қызметші әйелдер бекітілді. Оларға әскери қызметтің түрлері бойынша сабақтар өткізу және бөлім психологтарының күнделікті әңгімелесулер жүргізу де жоспарланды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"