Әскери бөлім қолбасшы тексеруінен өтті

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 40398 әскери бөлімін 2016 оқу жылының қорытындысы бойынша «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Нұрлан Мұсаханұлы Қашағанов тексерді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Қолбасшы автопарктердегі техниканың жағдайына, қару-жарақ қоймаларының қызметіне, әсіресе қару-жарақ пен оқ-дәріні сақтау тәртібіне, әрі қауіпсіздік шараларының қатаң қадағалануына көз жеткізді. Жеке құрам жауынгерлік әзірлік пен мемлекеттік-құқықтық дайындық бойынша жақсы көрсеткіштер көрсетті.

Ал, 2-ші мотоатқыштар батальонының жеке құрамы дене дайындығы бойынша нормативтерді тапсыруда төзімділігімен ерекшеленді. Тексерісті қорытындылаған мәжілісте «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Нұрлан Мұсаханұлы Қашағанов  бізге ұтқыр, шебер, шапшаң, түрлі жағдайдағы іс-әрекеттерге әзір әскер қажет екенін баса айтты.

Әскери қызметшілерді еліміздің Қарулы Күштерінің және өз әскери бөлімінің абыройы мен жауынгерлік даңқын арттыруға бағытталған түрлі оқу-жаттығуларына әрқашан дайын болуға шақырды. 
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"