Әскери бөлім мен құқық қорғау органдары тығыз байланыста

Ел өміріндегі бірқатар мәселелерді шешу көп жағдайда әскери қызметшілердің жоғарғы патриоттық санасының қалыптасуына, өз еліне деген мақтаныш сезімі мен өз Отанының мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борышын орындауға дайындығын тәрбиелеуге байланысты.

Патриотизм – Отанымыздың гүлденуіне, экономикамыз бен мәдениетіміздің қарыштап дамуына зор ықпал етуде.  Елімізде болып жатқан шын мәніндегі тарихи өзгерістер, ұлттық сана-сезімнің өсуі, ұлт арқылы қатынастар үрдісі Отанымыздың ортақ тағдыры үшін жауапкершілікті сезінетін патриоттарды тәрбиелеуді ҚР Қарулы Күштеріне қарасты Әуе қорғаныс күштерінің Бас қолбасшысы ерекше талап етеді. Осыған байланысты Алматы Өңірлік гарнизонының Әскери полиция жасағының әскери қызметшілері әрдайым патриоттық ссезімді қалыптастыру жөнінде біршама жұмыстар атқаруда.

Мәселен, Алматы Өңірлік гарнизонының Әскери полиция жасағының бірқатар офицерлері 36739 әскери бөлімімен тығыз байланыс орнатқан. Атап айтсақ: анықтау және іздестіру бөлімінің офицері–уәкілі майор Карипбеков Алмаз, анықтау және іздестіру бөлімінің офицер–криминалисті капитан Бақытбек Дархан. Айтып кететін жәйт, бүгінгі күнге дейін 36379 әскери бөлімінде саяси, құқықтық және тәрбиелік маңызы бар көптеген іс-шаралар өткізіліп жатыр. Соның бірі дәл осы  әскери бөлімімен танысу және де сол бөлімде қызмет ететін әскери қызметкерлермен кездесулер. Мұның өзіндік нәтижесі де бар. Атап айтсақ, Алматы Өңірлік гарнизонының Әскери полиция жасағымен бірігіп жұмыс жүргізу арқасында соңғы бес жылда  36739 әскери бөлімінде ешқандай құқық бұзушылықтар болмағанын мақтанышпен айта аламыз.

Әскери бөлім мен құқық қорғау органдар арасында байланыс алдағы уақытта да жалғаса бермек.

 

Майор Бақытжан Өмірбеков

36739 әскери бөлім командирінің

(ТжИЖ жөніндегі) орынбасарыри бөлімі  


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"