«Әскери барлау үздіктері» байқауына іріктеу жүргізілуде

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында «Қарабатан» оқу-жаттығу полигонында Армиялық халықаралық ойындары – 2019 бағдарламасына кіретін «Әскери барлау үздіктері» байқауының іріктеу кезеңі өтуде.

Іріктеу кезеңінде өңірлік қолбасшылықтың намысын қорғау үшін Ақтау, Атырау және Ақтөбе гарнизондарынан 12 әскери қызметшіден 4 команда тартысқа түседі. Команда құрамына топ командирі, сапер, мерген, санитар, оқшашаршы, атқыш, гранатаатқыш, байланысшы, сондай-ақ резервтегі 2 әскери қызметші кіреді. Сайыс барысында барлаушыларға 5 шақырымдық жүгіру орындауға, «Барлаушының соқпақ жолы» кедергілер кешенінен өтуге, ЖӘЖМ жүргізу машықтарын паш етуге және әртүрлі кіріспе міндеттерді пысықтауға, оның ішінде, шартты қарсыласқа торуыл ұйымдастыруға тура келеді. Айта кетейік, барлық кедергілерді әскери қызметшілер толық киім-кешекте еңсерулері тиіс. Оның салмағы шамамен 25 келіні құрайды. Бұл қару-жарақ, мина-жарылғыш және инженерлік құралдар, киім және медициналық мүлік, сондай-ақ бір тәуліктік құрғақ азық.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"