Әскери білім әлемдік тәжірибемен ұштасуда

Кез келген мемлекет қаһарлы, кез келген тосқауылға қауқарлы әскерімен айбынды. Әскерге қайсар рухпен қоса, жауынгерлік даярлық, стратегиялық және тактикалық амал-айла, техникалық артықшылық әбден керек. Дегенмен, әскери ғылымсыз әскердің құдіреті де ілгерілеуі де болмайды. Сондықтан жасанып келген жауға тойтарыс беру үшін білекпен бірге, әскери ілімнің де болмағы керек.
Демек, өрлеуді бастан өткеріп жатқан Қазақстан армиясына жеңісті жалауларын желбіретуге себі тиер әскери ғылымның ауадай қажеттігі даусыз. Өйткені, қазіргі заманғы сарбазды құр намыспен жауға аттандыра алмайсыз, заманауи қару-жарақсыз күнің қараң.
Осы ретте,  Қазақстанның Қорғаныс министрлігі әскери ғылымды дамыту әрі жетілдіру мақсатында көптеген жұмыстар ақтарып жатыр.

 

Елуге жуық курсант шетелдің әскери жоғары оқу орындарына барады

 

Бүгінгі таңда Қазақстандағы Құрлық әскерлерінің Әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институты, Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты мен ҚР ҚМ Кадет корпусының курсанттары дайындықты аяқтап, жақын арада елуге тарта адам шетелдің әскери жоғары оқу орындарына оқуға аттанады. Қазақстанның әскери жоғары оқу орындарында оқудың алғашқы курсынан кейін курсанттар Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Қытай Халық Республикасы мен Корея Республикасының әскери жоғары оқу орындарына оқуға жөнелтіледі. 

Алыс шет елдерде курсанттар Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасында бір бағытты мамандықтар, яғни, командалық мамандықтар бойынша білім алатын болады. Оқуға түсу үшін курсанттардың әрқайсысы өзі білім алған оқу орнында емтихан тапсырды. Олар еліміздің Қарулы Күштері үшін сұранысқа ие негізгі әскери мамандықтар бойынша оқытылады.

Жыл сайын еліміздің әскери жоғары оқу орындарында оқытудың жаңа бағдарламалары қайта пысықталып, енгізіліп жататынын айта кетейік. Енді ҚР Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарының курсанттары шетелдің әскери жоғары оқу орындарында оқуды  жалғастыра алады. Бірінші курсты тәмамдағаннан кейін курсанттар шет мемлекеттің әскери оқу орындарында оқуға іріктелу үшін медициналық куәландырудан өтеді.

Жаңа әскери мамандықтар қолжетімді

Иә, қазақстандықтар үшін еліміздің әскери жоғары оқу орындарындағы жаңа әскери мамандықтарға оқуға түсу қолжетімді болып отыр. Оның ішінде, биылғы жылдан бастап Құрлық әскерлерінің Әскери институты мен Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтында алғаш рет «Әскери істегі логистика», «Әскери істегі юриспруденция», «Әскери істегі радиоэлектроника мен инжиниринг» және «Әскери ұжымның психологиясы», «Әскери істегі ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандықтары ашылды.

Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтында да жаңа мамандықтар пайда болды. Мұнда «Ұшқышсыз ұшу аппараттарын ұшуда пайдалану» және «Әскери медицина» мамандықтары ашылды. ҚР ҚМ Білім және ғылым департаменті өкілдерінің хабарлауынша, бүгінгі күні Қазақстанның түкпір-түкпірінен Қорғаныс министрлігінің әскери жоғары оқу орындары мен Кадет корпусына оқуға түсуге шамамен 3000 талапкер құжаттарын тапсырған. Олардың барлығы бөлінген 865 орынға үміттенуде.

Қазіргі кезде бозбалалар іріктеуден өту үшін біртіндеп оқу орындарына келіп жатыр. Іріктеу бес кезеңді қамтиды. «Алдын ала медициналық куәландыруды азаматтық жалпы білім беру мектептерінің бітірушілері өздерінің аудандарында өтсе, онда алдын ала кәсіби-психологиялық іріктеуді, дене даярлығын, соңғы медициналық куәландыру мен кәсіби-психологиялық іріктеуді оларға тікелей өздері таңдаған жоғары оқу орнында өтуге тура келеді. Мұндай шаралар ертеңгі курсанттың білім алуына, дене даярлығына шыдаудың және шыңдалудың бірден-бір кепілі деп білеміз» дейді мамандар.

Әскери мамандықтар елімізде жыл сайын үлкен танымалдылыққа ие болып келе жатқанын айтуымыз керек. Бұған еліміздің Қорғаныс министрлігінің идеологиялық жұмыстары үлкен септігін тигізуде.

 

Әскери жоғарғы оқу орындары жыл сайын мыңға жуық курсантпен толығады

 

21-ші тамызға дейін әскери оқу орындары Қазақстанның әр аймағынан келген абитуренттерді қарсы алады. Құжаттарын тапсырған және медициналық комиссиядан өткен үміткерлер іріктеудің өзге кезеңдерінен өту үшін әскери жоғарғы оқу орындарына келеді. Талапкерлерді оқу ғимаратына орналастырып, жабдықтау қағидасына сәйкес тамақтандырумен қамтамасыз етіледі. Әскери ЖОО-ға түсу үшін жасөспірімнің денсаулығы көрсетілген талаптарға сай жақсы болуы және ҰБТ бойынша төрт пәннен 50 баллдан кем болмауы қажет.

Әскери оқу орындарына азаматтық тұлғалармен қатар, ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері де түсе алады. Іріктеу бірнеше кезеңдерден тұрады. Алғашқы іріктеу кезеңі – алдын ала медициналық куәландыру, бірінші кезең – ЖОО-да өтетін алдын ала кәсіби-психологиялық іріктеу, екіншісі – дене даярлығын тексеру, үшінші кезең – соңғы медициналық куәландыру. Төртінші кезеңде талапкерлер соңғы кәсіби-психологиялық ірітеуден өтеді. Ал одан кейін конкурстық іріктеу басталады. Оқуға қабылдаумен қорытынды жасалады. 21-ші тамызға дейін іріктеудің барлық кезеңінен мүдірмей өткен талапкерлерді оқуға түскендердің тізіміне қосады.

Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери жоғарғы оқу орындарына 1000-ға тарта қазақстандықтар оқуға түседі. Әскери білім берудің отандық жүйесін дамытып, жетілдіру және әскери кадрларды сапалы деңгейде даярлау мақсатында тұрақты түрде оқытудың жаңа бағдарламалары енгізіліп, іске асуда. Осының арқасында Қорғаныс министрлігінің әскери білім беру мекемелерінің курсанттары бірінші курсты тәмамдаған соң, оқуын шетелдік әскери оқу орындарында жалғастыруға мүмкіндік алды. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"