Әскери ант қабылдады

   Петропавлдағы Жеңіс орталық саябағында  әскери-техникалық мектеп шақырылушылары көпшілік алдында әскери ант қабылдады.

Бұл үрдіс жастарды Отанын сүюге баулу мақсатында өткізіліп отыр. Солтүстік Қазақстан және Қостанай облысынан келіп, әскери өнердің қыр-сырын меңгерген шақырылушылар санаулы күндерден кейін қызметке жолдама алады. Жастардың  бүгінде әскери қызмет саласына қызығушылығы байқалады. Өйткені әскери қызмет тұрақты және әлеуметтік жағынан қамтылған.

Ант қабылдап, болашақ өмірін әскери қызметпен байланыстырғысы келетін Ғали Байбатшаев – өз болашағына сенімді. Ал әскери ант ерлерді еліміз үшін кез-келген қауіпке төтеп беруге және оған қарсы тұруға міндеттейді. «Әскери-техникалық мектеп өте қолайлы, бір жылдық әскерден ешқандай кем емес. Мұнда біздер саптық дайындық үйрендік, атыс алаңына бардық, жалпы қару-жарақпен танысып, командирлерден тәлім алдық. Барлық сұрақтарға жауап беріп, барлық берілген тапсырмаларды нақты орындадық. Қазіргі таңда ант қабылдағаннан кейін  Отан алдындағы қызметімізді өтейміз деген сенімдемін», - деді әскери-техникалық мектептің бөлімше командирі Ғали Байбатшаев.

         Әскери-техникалық мектептің шақырылушылары нағыз әскердегідей дайындықтан өтеді. Оның үстіне болашақта қол бастайтын әрі әскери саланың тізгінін ұстайтын сардарлар да ертеңгі күндері осы жастардың арасынан шығуы әбден мүмкін.

«Шақырылушылар 40 күндік оқудың ішінде 1 жылдық материалды толығымен қамтыды. Әскери полигондарда болды,  атыс және тактикалық дайындықтар бойынша әскери оқу-жаттығулар толық ұйымдастырылды. Бұл жолы Солтүстік Қазақстаннан 13 және Қостанай облысынан келген 22 адам, яғни 35 шақырылушы болашаққа жолдама алды», - дейді әскери техникалық мектеп директоры отставкадағы полковник Қалиолла Сауытбеков.

Ал қараша айында осы жылдың соңғы 7 шығарылымын оқыту дайындығы жоспарланып отыр.

Лейтенант Айман Абжапбарова,
СҚО КІД баспасөз қызметінің бастығы


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"