"Әскери альпиниада – 2021" десантшылардың жеңісімен аяқталды

Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері Қарулы Күштердің үздік альпинистері ретінде танылды. Бас штаб бастығының кубогы үшін өткен «Әскери Альпиниада-2021» жарысында 48386 әскери бөлімінің Альпі бөлімшесі анық жеңіске жетті.

Бірнеше күнге созылған жарыс Іле Алатауы баурайындағы Қорғаныс министрлігінің Тау даярлығы орталығының базасында өтті. Жарысқа арнайы мақсаттағы бөлімшелердің әскери альпинистері қатысты.
Қатысушылар жеке және топтық жаттығуды орындап, бағын сынады. Олардың ішінде жартасқа өрмелеу мен ойлы-қырлы жерлерге марш жасау, өзеннен аспа арқылы және қатар өту, зардап шеккен адамды тасымалдау және арнайы құралдарды пайдалана отырып, жартасты жерлерді еңсеру. Нұрсұлтан шыңына шығу жарыстың соңғы кезеңі болды.
Жарыста ең жоғары ұпай жинаған 48386 әскери бөлімі жеңіске жетсе, екінші орынды 03811 әскери бөлімі және үшінші орынды 66597 әскери бөлімінің Альпі бөлімшесі олжалады.

Жеке сынақтарда ефрейтор Кенжебек Шынтемірұлы жартасқа өрмелеуде ең жоғары ұпай жинаса, кіші сержант Нұрлан Мұқашев үздік нәтиже көрсетіп ерекшеленді. Топтық жаттығуды орындауда, мысалы «зардап шегушіні көшіру» жаттығуында 1000 ұпай жинаған 66597 әскери бөлімінің және өзеннен аспа арқылы қатар өтуде 48386 әскери бөлімінің әскери қызметшілері ерекше көзге түсіп, үздік нәтиже көрсетті.
Естеріңізге сала кетсек, таудағы іс-қимыл – арнайы бөлімшелерді даярлаудың негізгі бағыттарының бірі. Жарысты қорытындылау кезінде әскери қызметшілердің дайындық деңгейі, олардың теориялық білімдері мен практикалық дағдылары, жеке және топ құрамында жұмыс істей білуі ескерілді.
48386 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Альпиниада жеңісін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнады

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"