Әскери әулеттің келіні

Елімізде Отан қорғау саласында өнегелі еңбек етіп, ел мен жердің тыныштығына күндіз-түні үлесін қосып жүрген тағылымды отбасылар қаншама. Отан қорғау саласында қызмет ететін жандардың отбасылары әскери қызметтің қиындығы мен қызығын қатар алып, қатал тәртіп пен әскери жүйенің шеңберінде жүріп,  отбасылық құндылықты берік сақтап келе әскери отбасылар әрқашан  елімізге үлгі мен тәлімнің көрсеткіші.

    «Отан отбасынан басталады» демекші, қай заманда да қоғамның негізі саналатын әлеуметтік институттар өзара сынға түскен аламанда жанұя мәдениеті дәріптеліп, отбасы құндылықтарын құрметтеу көзделген. Тәлім мен тәрбиенің тал бесігі, өмір мен өнегенің бастауы бола білген үлгілі отбасы бейнесінің бүгінгі қоғамда алар орны орасан.

   Өнегелі отбасы – бүгінгі ұлттың ұйытқысы, үлгілі үй – қоғамның айнасы, ізгіліктің көрсеткіші. Әскери қызметтің қиындығына төзіп, бақытын еңбектен тапқан Қоңыровтар отбасын  өнегелі, үлгілі үй, жарасымды жанұя деп атауға болады. Әрдайым бір-бірін сыйлап, құрмет көрсететін бұл отбасы ежелден  әскери ортада ысылып,  құрыштай шынығып,  шыңдалған. Яғни, бір ауыз сөзбен, әскери әулет деп атасақ болады. Мысалы, аталары Қапсамет – 1945 жылы Берлин түбіне дейін барған майдангер. 2007 жылы қайтыс болғаннан кейін Ресей Федерациясының тарапынан арнайы орденмен марапатталған. Әкелері полковник Тілеутай Алматы қаласында ұзақ уақыт бойы әскери қызмет атқарған.  Балалары да әскери саладан ұзаған жоқ.   Аға лейтенант Руслан  Құрлық әскерлерінің әскери институтын тәмамдап, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Аягөз гарнизонындағы 10810 әскери бөлімдегі барлау взводының командирі. Тимур  да  Күршім ауылындағы ҚР ҰҚК «Шығыс» шекара қызметі өңірлік басқармасына қарасты әскери бөлімде Отан алдындағы азаматтық міндетін өтеп, қазіргі таңда ҚР ҰҚК шекара қызметі басқармасына қарасты  2010 әскери бөлімде  қызметін жалғастыруда. Арман Тілеутайұлы  Алматы қаласында  Радиоэлектроника және  байланыс әскери-инженерлік институтында  аға оқытушы болып қызмет етеді. Полковник Арман Қоңыров Қазақстан Республикасының  қорғаныс саласындағы  инновациялық, ғылыми, өнертапқыштық және рационизаторлық қызметті дамытуға белсенді қатысқаны және танытқан ынта-жігері үшін  2018 жылдың желтоқсан айында ҚР Қорғаныс министрінің мақтау қағазымен марапатталды. Жары Ғалия Ибраимжанова екеуі әскери өмірдің қиын-қыстау кезеңдерін бірге өткеріп,  адал қызметтерімен үлгілі болған әскери отбасы. Көптеген жылдардан бері отбасылық құндылықты берік сақтап келе жатқан жұбайлар әскерилерге тән қызметтік іссапарларға шығатындарына қарамастан, гүлдей жайнап өсіп келе жатқан қызы Арабелланы тәрбиелеп, оның бойына қыз балаға тән ұлттық құндылықтар мен асыл қасиеттерді қалыптастырып келеді. Болашаққа қадам басқан жарасымды жұптың ендігі мақсаты – балаларына  парасатты, рухты, патриоттық бағытта тәрбие беру. Бүгінде Отан үшін қызмет еткен отағасы перзентін адал, шыншыл ғып тәрбиелейтіндеріне сенімді.

    Ғалия Ғабдулхаққызының мамандығы – дәрігер.   2001 жылдан бастап Сарыөзектегі әскери бөлімде бас дәрігер болып еңбек етеді.  Содан бері әскери ортада. Бүгінгі таңда 64615 әскери бөлімде дезинфекциялық бөлімінің бастығы лауазымын атқарып келеді.

     Ғалия Ғабдулхаққызы өзінің табандылығы мен іскерлігінің, біліктілігі мен білімділігінің әрі  адал қызметімен үлгі көрсете отырып, лейтенант (2000 ж.),  аға лейтенант (2004 ж.),  капитан (2006 ж.),  майор (2012 ж.) подполковник шендеріне қол жеткізді. Сонымен қатар көп жыл бойы атқарып келе жатқан еңбегі ескеріліп, 2018 жылдың желтоқсан айында ҚР Денсаулық сақтау министрі тарапынан Құрмет грамотасымен марапатталды.

    Бүгінде әйел әскери қызметшілер ҚР Қарулы Күштердің барлық түрлері мен әскер тектерінде жұмылдырылып. Олар ерлермен иық теңестіріп, әртүрлі лауазымдардағы міндеттерді абыройлы атқарады әрі барлық жерде өздерінің әскери борышын үлгілі орындайды.

   Жарасымды жұп Арман Қоңыров пен Ғалия Ибраимжанова екеуі үнемі бір-біріне қолдау көрсетіп отырады. Сенім мен сезім, құрмет пен сыйластық бар жерде ғана кез келген отбасының  шаңырағы биік, босағасы берік, үлгілі үй бола алатыны ақиқат.

    Әскери қызметтің  ыстық-суығына төзіп,  өмір жолын бірге әскери салада тоғыстырған арманы мен мақсаты – бір, тыныштық пен  жылылық шуағы ұялаған  шаңырақты бүгінгі қоғамдағы баршаға үлгілі болатын ынтымағы мен бірлігін жарасқан берекелі, бақытты отбасы деуге толық негіз бар. Әрқашан арман-мақсаттарыңызға қол жеткізіп, осылайша Отанымыздың өркендеуіне үлес қосып, ізгілік пен махаббат, адалдық пен парасат салтанат құрған  тағылымды отбасылардың  қатарынан көріне беріңіздер!

   

Дәурен ӘДІЛБЕК

филология ғылымдарының кандидаты

ҚР Журналистер 
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"