Әскери іс және әскери өнер тарихы

Адамзат қоғамының дамуының тарихы – бұл соғыс тарихының дамуы. Ежелден қалыптасып келгендей, адамдардың тіршілік үшін күрес, ұрпақ жалғастыру қажеттілігі әр көтеріліс сайын өз өктемділігін дәлелдеуге  мәжбүрледі.

Табиғи  сұрып жүргізіліп, өмір емес, өлімге итермелеген қасық қаны қалғанша күресте тек күштілер ғана өркендеп, ұрпақ жалғастыруға құқылы болатын. Қоғамның дамуымен социумның ішіндегі күрес руаралық қақтығыстарға ұласып, тайпааралық соғыстарға әкеп соқтырды. Тек көтеріліс барысында ғана жауынгерлік қасиеттер анағұрлым айқын көрінеді. Соғыста адам өзіне шапқан адамды жояды. Қарсыластың өлім тілеген ниеті адамға өзіне өлім жазасына кесуге ерік береді. Бұл қылмыстар өзінің отбасын, Отанын қорғау алдында тұрған борышын өтеу деп мораль тұрғысымен ақталады.

...Әскери өнер тарихын зерттеу ертеңді, болашақты тану үшін қажет және әрқашан да тарих шиыршықтала дамып, қайта қайталанатынын ұмытпағанымыз жөн.

Қазақстан тарихы бойынша жоғары оқу орындарындағы оқу құралдарында көшпенділердің әскери өнері тарихы тақырыбы толық көлемде қарастырылып ашылмаған. Мұны біз кеңес үкіметі кезеңінде белгілі бір жағдайларға байланысты көшпенділердің әскери мұрасы тыйым салынған тақырыптар қатарында болуымен түсіндіруге болады.

Ұсынылып отырған жұмыс өз алдына номадтық дәуір мен олардың ұрпақтарынан қалған әскери өнердің даму динамикасын зерттеу мақсатын қояды. Қазақстан көшпенділерінің әскери ісі өте бірегей және кең ауқымды.

Номадтардың әскери тарихын зерттеу көшпенді халықтың әр түрлі халықтардың жауынгерлік деңгейін көтеруде және айналаны мекендеген халықтардың мемлекет болып қалыптасуына қосқан орасан зор ролін түсінудегі жетіспеушіліктердің орнын толтырады. Соғыс және әскери істің Еуразия аумағын мекендеген ежелгі және ортағасырлық көшпенді халықтың тарихында  алатын маңызы зор. Әскери істің көшпенді қоғам эволюциясындағы ролін зерттеу жалпы номадизмнің қалыптасу тарихын түсініп білу үшін артықшылығы көп. Көптеген уақыт аралығында көшпенділердің әскери ұйымдастырушылық моделі барлық ірі көшпенді қоғамның қоғамдық-саяси құрылымының негізі ретінде пайдаланылып келді.

Еуразия жазығының номадтары өзгеше әскери жүйенің құрастырушылар болып табылады. Аталған әскери жүйенің мінсіздігі ғасырлар бойы Еуропа және Азия мемлекеттерінің әскерлеріне қарсы жүргізілген әскери және саяси өктемділіктің құпиясына айналды.

Номадтардың әскери өнері мен әскерді ұйымдастыру тәсілдері Қытай, Византия, Парсы, Ресей жерлерінде жылқы шаруашылығының, жаугершілік арбалардың және аттылы садақшылардың дамуына үлкен әсерін тигізді.

Ежелгі Қазақстанның әскери ісінің сипаттамаларын Геродоттың, Страбонның жазбаларынан және ежелгі түрік жазбаларынан, Қытай және Орыс жазба көздерінен, Ж. Баласағұнның, Рашид – ад – диннің, Плано Карпинидің, Марко Полоның тариха шығармаларынан көруге болады. Кейбір қару-жарақтар, жазық дала жауынгерлерін әскери дайындық тактикасы мен жүйесі туралы мәліметтер оғыздардың, моңголдардың, қырғыздардың, қазақтардың, алтайлықтардың, буряттардың және якуттардың эпикалық шығармаларында суреттелген. Әскери істі зерттеуде Ш. Уәлихановтың «Ежелгі замандағы қырғыздардың қарулануы және олардың әскери жарақтары», «18 ғасыр батырларының тарихи мұралары», «Абылай туралы ән» шығармалары мен эпос, дастандардың мәні орасан зор.

Қазақстандың тарихтану ғылымында әскер тарихы өте аз зерттелген тақырыптардың бірі саналады. Сондықтан, қазіргі таңның тарихи білімдерінің негізгі басты міндеті «Көшпенділердің әлем өркениетіне қосқан үлесін ашу болуы тиіс. «Қазақстан Республикасында тарихи сананың қалыптасу концепциясында» Қазақстан тарихын зерттеуде номадизмнің алатын ролі белгіленген, әсіресе, «әскери өнерді» зерттеуге баса назар салынған.

Көшпенділердің әскери тарихын зерттеуде алғаш бастамалар М.И. Иваниннің еңбектерінен көрініс табады. Сондай-ақ, Б.Яү Владимирцевтің, С.М. Абромзонның, Эренжен Хар Даванның, Н.А. Русляковтың еңбектері аса қызығушылық тудырады. В.И. Кун да осы ретте көшпенділердің әскери тактикасына табиғат жағдайларының, туыстық құрылымның әсері жайлы ойлар қозғайды. Ал, Ю.С. Худяков болса, көшпенділердің әскери операцияларда қолданған «қоршау» әдісіне көңіл бөлген-ді. Қазақстандық тарихшылардың ішінен А.Рязановтың, Г.И. Семенюковтың, К.Смағұлованың, а.Т. Хайдарованың, В.П. Курылевтың, И.Ж. Шахановтың, Э.Ж. Валихановтың, Ж.М. Жетібаевтың, К.С. Ахметжановтың атап айтуға болады. Кейініректе Т.К. Алланиязов пен А.К. Күшкүмбаевтың еңбектерінде Қазақстан аумағын мекендеген көшпенді халықтың әскери ісі мен өнеріне байланысты аталған мәселе бойынша жарым-жартылай толықтырулар кездеседі. Зерттеулер көрсеткендей, көшпенділер шаруашылықты дамытуда да, мемлекетті басқару жүйесінде де және әскерді ұйымдастыруда да адамзат мәдениетінің дамуына өзіндік үлесін қосты. Көршілес мемлекеттер, оның ішенде, Қытай көшпенділердің қаржы жүйесін, пошталық байланысын, әскери ісін өздеріне көшіріп алған болатын. Көшпенділердің соғысты жүргізу тактикасына, жауынгерлерінің ержүректілігіне, өлім алдындағы қайтпас өр мінездеріне тіпті жаудың өзі сүйсінген. 

Қаржаубай Жанзаков


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"