Әскерге шақырудан босату немесе шақыруды уақытша кейінге қалдыру

Бейбіт уақытта әскерге шақырудан мынадай азаматтар босатылуы мүмкін:

  • денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылғандар;
  • 27 жасқа толғандар;
  • туыстарының бiрi (әкесi, анасы, аға-інілерi немесе апа-сіңлілері) әскери қызмет өткеру кезеңiнде қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан, қайтыс болған немесе бiрiншi немесе екінші топтағы мүгедек болып қалғандар;
  • басқа мемлекетте әскери қызмет өткерген;
  • оқу туралы растау құжаттарын ұсынуда доктор ғылыми дәрежесі барлар;
  • діни бірлестіктерде тіркелген дін жолындағы адамдар.

Бейбіт уақытта әскери жиындарға шақырудан босатылады:

  • қорғанысты, қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етумен байланысты лауазымдарда мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін азаматтар;
  • мемлекеттік, азаматтық және тәжірибелік авиацияның авиация персоналы;
  • егін және жинау жұмыстары кезінде ауылшаруашылық техникасын жөндеу ұйымдарында және ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін азаматтар;
  • оқу жылы кезінде күндізгі оқыту нысанындағы білім беру ұйымдарының педагогика қызметкерлері;
  • күндiзгi нысанда оқытатын бiлiм беру ұйымдарында оқитындар;
  • әскери міндетті әйелдер;
  • әскери міндеттілер запастан шығарылғаннан кейін 2 жыл ішінде;
  • 18 жасқа толмаған 3 және одан да артық балалары бар азаматтар;
  • оларға қатысты анықтау, алдын ала тергеу жүргiзiлiп жатқан немесе сот қылмыстық iсін қарап жатқан адамдар;
  • Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттары немесе жергілікті өкілдік органдар сайлаған әскери міндеттілер.
  • соттылығы бар азаматтар.

Егер әскери қызметке шақыру бейбіт уақытта жүзеге асырылса, онда денсаулық жағдайы бойынша ғана әскери қызметке жарамсыз деп танылған азаматтар ғана босатылады.

Мерзімін кейінге қалдыру мынадай жағдайлар бойынша ұсынылады:

  • отбасы жағдайлары бойынша;
  • білім алуды жалғастыру үшін;
  • денсаулық жағдайы бойынша;
  • басқа да себептер бойынша.

Отбасы жағдайлары бойынша әскерге шақырудан кейінге қалдыру мынадай азаматтарға ұсынылады:

  • басқа адамның көмегiне мұқтаж және толық мемлекеттiк қамсыздандыруға алынбаған отбасы мүшелерiн күтумен айналысатын, сондай-ақ жақын туыстары немесе басқа да адамдар болмаған кезде отбасы мүшелерін асырауға мiндетті азаматтарға беріледі.

Басқа адамның көмегiне және күтіміне мұқтаж отбасы мүшелерi:

·          

    • әкесi, анасы, әйелi, сондай-ақ әскерге шақырылушының ата-анасы болмаған жағдайда, зейнеткер жасына толған немесе бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектер болып табылатын атасы мен әжесi, егер олар оның асырауында болса;
    • ата-анасы болмаған жағдайда, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектер болып табылатын немесе он сегіз жасқа толмаған аға-інілерi, апа-сіңлілері;
    • әскерге шақырылушыдан басқа бiріншi немесе екiншi топтағы мүгедектер болып табылатын немесе он сегiз жасқа толмаған бiр және одан да көп балалары бар және оларды күйеусiз (әйелсiз) тәрбиелеп отырған анасы (әкесi);
    • өзінің асырауында жасы бойынша еңбекке қабiлетсiз немесе І немесе ІІ топтағы мүгедектер болып табылатын 1 және одан да көп жалғызiлiктi туыстары (әкесi, анасы, аға-інілерi, апа-қарындастары) бар және оларды күйеусiз (әйелсiз) асырап отырған анасы (әкесi);
    • І немесе ІІ топтағы мүгедек болып табылатын, екіншiсiн өзi асырайтын және әскерге шақырылушыдан басқа 18 жасқа дейінгі бiр және одан да көп бала тәрбиелеп отырған ата-анасының бiрi;
  • өзiнiң асырауында   анасыз тәрбиелеп отырған баласы (балалары);
  • 1 және одан да артық балалары бар некеде тұратын азаматтар.

Білім беру ұйымдарында оқып жатқан кезде әскерге шақыру мерзімін кейінге қалдыру  мынадай азаматтарға ұсынылады:

  • білім ұйымдарында жалпы орта білім алатын азаматтарға;
  • тиiстi білім беру ұйымдарында күндiзгі оқу нысаны бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беру ұйымдарында білім алып жүрген азаматтарға оқитыны туралы растайтын құжаттарды ұсынған ретте;
  •  жоғары оқу орнынан кейiнгі кәсiби білім алып жүрген азаматтарға;

Білімін жалғастыру себебі бойынша кейінге қалдырылған азаматтар, білім алу кезінде ғана кейінге қалдырылады.

Денсаулық жағдайы бойынша шақыру мерзімін кейінге қалдыру шақыру комиссиясының шешімімен 1 жылға дейінгі мерзімге ұсынылады.

Басқа себептер бойынша әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру:

  • ауылдық жерде орналасқан білiм беру ұйымдарының орта білімнен кейінгі немесе жоғары педагогтік білiмi бар және мамандығы бойынша жұмыс iстейтiн оқытушыларына;
  • тиiстi бiлiмi бар, мамандығы бойынша ауылдық жерлерде тұрақты жұмыс iстейтiн дәрiгерлерге;
  • Қазақстан Республикасы Парламентiнiң немесе жергiлiктi өкiлдi органдардың депутаттарына
  • оларға қатысты алдын ала тергеу немесе қылмыстық істер жүргізілетін адамдарға;
  • тиісті білімі бар кеме экипаждарының мүшелеріне беріледі.

Бұл жағдайда мерзімін кейінге қалдыру жұмыстың барлық кезеңіне беріледі, ал қылмыстық іс жағдайында – сот шешімі бойынша тергеу аяқталғанға дейін ұсынылады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"