Әскерде қыстың қамына кірісті

Таяуда 63310 әскери бөлімінің қызмет бастықтары мен бөлімше командирлеріне әскери техника мен қару-жарақтарды қысқы кезеңге дайындау бойынша бір күндік іс-шарасы өтті.

Әдістемелік-нұсқаулық негізінде, майор Ж.Есжанов әскери техниканы қысқа дайындау кезіндегі құжаттардың толтыру рәсімдерін көрсетті. Жетпеген неменесе қолданылу мерзімі өтіп кеткен  қосалқы бөлшектер мен басқа да материалдармен толықтай қамтамасыз етілді. Дайындық кезіндегі қару-жарақ, басқару, электр және байланыс құралдарымен орындалатын  жұмыс тәртібімен капитан С.А.Сапарбек әскери бөлімнің жеке құрамына таныстырды. Техникалық пайдалану құралдарын парктің  технологиялық элементтерінің өртке қарсы құрылғыларына тексеріс жүргізілді.

Әскери техниканы қысқы мерзімге дайындау кезіндегі қауіпсіздік  шараларының негізгі  ережелері бойынша жаттығу жүргізілді. Бөлім командирінің орынбасары – штаб бастығы полковник А.Удовенко әскери техниканы жазғы уақытта қолданылу бойынша қорытынды баяндамада жасады.

«Қыстың қамын жазда ойла» демекші, әр нәрсені алдын ала көріп, тексеріп қойса, қыс кезінде ешқандай қиыншылықтарға тап болмайды. Сондықтан біздің әскери бөлімнің әскери қызметшілердің атқарып отырған жұмыстары орасан зор. Әскери техника мен қару- жарақтарды тексеріп, олқылықтарын анықтап, бір шолу жүргізді. Негізі, осындай істеліп отырған іс- шаралар әскери бөлімдерде өз нәтижелерін көрсетіп жатады.


Cвязанные новости:
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"