Әскерде экстремизмге орын берілмейді

Бүгінгі таңда терроризм мен діни экстремизм қауіпті құбылысқа айналғаны белгілі. Әсіресе, соңғы жылдары бұл жайт Орталық Азия аймағында жиі орын алуда. Ал дін атын жамылған бүлікшілердің саяси-әлеуметтік негіздерін зерттеу – өзекті мәселе.

Баса айтарлығы, біріншіден, діни экстремизм мен терроризм кеше мен бүгін ғана пайда болған құбылыс емес. Оның тарихи тамыры тереңде жатыр. Қазіргі лаңкестік әрекеттердің мәнін түсінуде адамзат тарихындағы діни көзқарастар мен саясаттарды ғылыми жағынан зерттеудің маңызы ерекше. Өйткені, ол осы кездегі діни экстремизм мен терроризмнің саяси-әлеуметтік негіздерін анықтауға жәрдемдеседі.

Екіншіден, қазіргі кезде Қазақстан Орталық Азияға қақпа рөлін атқарып тұр. Себебі, мұнда негізгі интелектуалдық және техникалық потенциал және үлкен табиғи ресурс шоғырланған. Қазақстан – еуропалық әрі азиялық мемлекет. Орталық Азиядағы діни экстремизм мен терроризмнің Қазақстанға тигізер ықпалы қандай? Ауғанстандағы талибандарға, «Әл-Каида» ұйымына соққы бергенімен, ортаазиялық мемлекеттерде діни экстремизм қаупі сейілген жоқ. Мұнда халықаралық экстремистік ұйымдардың ұялары сақталған.

Үшіншіден, мықты державалар тарапынан лаңкестікке күресте кінәлілерді біліп, оның туу себептерін анықтап алмай, беталды соғыс жүргізу орын алуда. Олай болса «діни экстремизм», «исламдық терроризм» туралы әлемдік ақпарат құралдарындағы даурықпа науқаншылықтарда, біздіңше, ғылыми дәлелдемелер жетіспейді, оны бағалауда біржақталық басым.

Төртіншіден, еліміз тәуелсіздік алғалы діннің дамуына кең жол ашылды. Көп жыл кеңес тегеурінін көрген мұсылман қауымы діни сауат ашуға мүмкіндік алды. Бүгінде бұл да өте өзекті мәселе болып отыр.

Осындай себептермен орын алған індетпен күресудің жолы – оның алдын алу. Бұл ретте  әскери-құқықтық салада да тиісті шаралар қолға алынуда.

Президент Жарлығымен бекітілген діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында жасалған жоспарға сәйкес Орал гарнизонының әскери прокуратурасы гарнизондағы әскери бөлімдермен, әскери-құқықтық органдармен бірлесе ведомствоаралық жиын, кездесу, семинар сынды алдын-алу шараларын өткізіп келеді. Мәселен, биыл Ұлттық гвардияның «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517 әскери бөлімінде «Әскери ортаға діни экстремизм мен терроризмнің енуіне тосқауыл қою» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жиынға облыстық дін істері басқармасының теологы Мақсат Романқұлов  арнайы шақырылды. Онда әскери қызметшілерге экстремизм мен терроризм идеологиясы, оның таралу қаупі жөнінде жан-жақты түсінік берілді. Шара барысында теріс бағыттағы діни ағымдардың көздеген мақсаттарын әшкерелейтін «Алданған әйел» атты фильм көрсетілді.

Содан кейін Батыс Қазақстан облыстық орталық мешітінің  имамы  Рүстем Тыныштықұлы радикалды ағымда адасып жүргендерге қатысты пікірлерін білдірді. «Мұндайлар тек өз идеологиясын жақтаушыларды мұсылман көріп, қалған халықты «кәфір», яғни, мұсылман емес деп санайды. Алайда, лаңкестік әрекетке барғанда, өздері діннен қалай шығып кеткендерін байқамай қалады» деді.

Жиын соңында әскери ортаға діни экстремизм мен терроризмнің енуіне тосқауыл қою үшін бірігіп әрекет ету жөнінде іс-шаралар жоспарын жасау туралы шешім қабылданды. Әскери қызметшілердің қазіргі қоғам алдындағы мәселелерге бейжай қарамауы үшін және әскери ұжымдарда ешқандай дау-жанжалдың болмауы үшін жеке құраммен тәрбие жұмыстарын жүргізу ісіне түзету енгізу қажет. Бұл түзету бірінші кезекте әскерилердің дүниетанымы бөлек немесе өзгеше діни көзқарасы бар жандарды сыйлауға бағытталуы тиіс. Себебі, Қазақстан – зайырлы мемлекет. Ешқандай дін мемлекеттік не міндетті болып табылмайды. Әскери ұжымдарда діни ахуал бағамдалып отыруы керек. Бұл ұжым басшылығының міндетіне айналғаны жөн.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауында айтылған Мәңгілік елге айналуымыз үшін біздің саяси және діни-рухани идеологиямызда қарама-қайшылық болмауы қажет. Бізде қоғамдық бірізділік сақталғанда ғана, мемлекетіміздің тәуелсіздігі өміршең бола алады. Демек, Қазақ елінің мемлекеттілігі баянды болсын десек, әсіредіншілдікке жол бермей, ішкі тұтастығымызды сақтауға мейлінше атсалысайық.

Әділет полковнигі Алтынбай РАЕВ, Орал гарнизонының әскери прокуроры  


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"