ӘШҚҚ әскерлері жауынгерлік есептоптар құрамын оқытуда

Қазақстан Қарулы Күштерінің Әуе шабуылына қарсы қорғанысының әскери бөлімдерінде зениттік зымыран кешендері мен радиотехникалық бөлімшелердің жауынгерлік есептоптарын үйлестіру жүргізілуде.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің мықты әуе шабуылына қарсы қорғанысын құруды және ӘШҚҚ әскерлерін заманауи қару-жарақпен жарақтандыруды Қазақстан әскерін дамытудың басым бағыттары ретінде айқындады.

ӘШҚҚ әскерлерінің ерекшелігі ұдайы жауынгерлік кезекшілік атқару, елдің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауда жоғары жауынгерлік әзірлікті сақтауында болып табылады. Кезекшілік бейбіт уақытта да, соғыс уақытында да үздіксіз және тәулік бойы жүзеге асырылады.
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері қазіргі заманғы автоматты режимде түрлі биіктіктер мен жылдамдықтардағы әуе объектілерін анықтап, ілесіп жүретін «GM-403НУҰР» және «Роса-РБ-М» радиолокациялық станцияларымен жарақталған. Заманға сай үлгідегі оқу-материалдық базасы «Бук-М2Э» зениттік зымыран кешендері мен С-300 жүйелерінің жауынгерлік есептоптарын даярлауды жетілдіруге мүмкіндік береді.
Сабақ барысында әскери қызметшілер жаудың әуе шабуылына тойтарыс беру құралдарымен іс жүзінде тәжірибе жинақтайды. Оқу-жауынгерлік міндеттер түрлі жағдайда, оның ішінде радиоэлектрондық кедергілердің күрделі жағдайында, әуе қарсыласының жаппай ұшуы кезінде, диверсиялық барлау топтарының бөлімдер объектілеріне шабуылы кезінде орындалады.

Ай сайын барлық әскери бөлімдерде әуе нысандарын анықтау және оларды шартты түрде жою жөнінде бақылау сабақтары өткізіледі. Зениттік зымыран кешендері жауынгерлік есептоптарының және ӘШҚҚ радиотехникалық әскерлері бөлімшелерінің жеке құрамы әрқашан жақсы нәтижелер көрсетіп, сынақтар тапсырады.

– Оқу үдерісі нақты уақыт режимінде жауынгерлік ахуалдың ықтимал жағдайларын модельдеу арқылы автоматтандырылған басқару жүйелерінің кешенін пайдалануымен ерекшеленеді. Жаттығуда бір мезгілде бірнеше әуе нысаналарын анықтау және ілесіп жүру іс-қимылдары пысықталуда, - деп атап өтті әскери бөлім командирі подполковник Берік Молдақұлов.
Жеке құрамның жауынгерлік оқуы әскери бөлімдерге жүктелген тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындауға, сондай-ақ бөлімшелердің әскери шеберлігі мен үйлесімділігінің жоғары деңгейін қолдаудың кепілі болып табылады.
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің электр-механик, түрлі көлік жүргізушісі, байланысшы және қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие басқа да мамандықтарды меңгеру мүмкіндігі бар.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"