Әр елдің әскери тәрбие беру тарихы

Біздің мемлекет – кешегі бабалар табыстаған, сәт сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!... Ия, ең бастысы – еліміз аман, жұртымыз тыныш, бауырымыз бүтін. Енді осы тәуелсіздігімізді, мемлекетіміздің егемендігін қорғау басты істердің бірі екені бізге аян. Яғни, Отанымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қарулы Қүштер қажет екендігі айқындалды. Тәуелсіздік – құлаққа жағымды естілетін ұғым ғана емес, үнемі қайсарлық пен намыстың тізгінін босатпай, әрқашанда жауынгерлік дайындықты талап ететін қатаң ұстаным. Оны көздің қарашығындай сақтау, ұрпаққа қымбат қазынадай аманаттау – бүгіннің парызы. Яғни, бізге сын! Өйткені, тәуелсіздіктің ең негізгі тірегі – сол мемлекеттің әскері. Қазақстан Республикасының Қарулы Қүштерінің құрамында біздің М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің әскери кафедрасының қосар үлесі мол.

Әскери кафедраның бірінші мақсаты – оқытушы құрамы арқылы студенттердің сауатын ашып қана қоймай, әскери  мамандықтың негізі жайында түсінік беретін, олардың қоғамдық дүниетанымын  қалыптастыратын, өмірлік бағытын анықтайтын және рухани жан-дүниесін тәрбиелеудегі басты ұстанымды жолын табу. «Өз Отаныңның патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегіңде ұялату. Мен сіздерді осыған шақырамын» дейді біздің  Елбасы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев. Осы орайда, алдымен әскери тәрбие берудің тарихына тоқтала кетейік. Ертедегі әлемде өсіп келе жатқан ұрпаққа әскери-патриоттық білім беру жоспарында ерекше орын алатын – Спарта. Спарта әскери-патриоттық білім беру жүйесінің мақсаты әрбір Спарта азаматынан жауынгер тәрбиелеп өсіру болған.

Бұрынғы грек елдерінде жауынгерлерді тәрбиелеу жеті жастан басталды, баланы мектепте хат тануға және гимнастика жаттығуларына үйретті. Ал Римде әскери қызметті әрбір азамат алып жүру міндетті болды. Далалық әскери қызмет атқаруға 17-45 жас аралығындағы жастар қабылданған. Жиырма әскери жорықтарға қатысқан жаяу әскерлер немесе он әскери жорықтарға қатысқан атты әскерде қызмет еткен азаматтар әскери қызметтен босатылды. Рим әскері өз кезегінде күшті болатын. Энгельстің айтуынша, олардың тәрбие беру жүйесі және жауынгерлерді дайындау ұстанымы «Дүниежүзінің жеңушілерін» тудырды.

Шығыс елдерінде әскери оқуға үлкен назар аударған халық монғолдар болды. Олар XIV ғасырларда Қытай халқын, орта Азияны, Үндістанды, Кавказды, Шығыс және Орталық Еуропаны жаулап алғаны белгілі.  Монғолдарда садақ атуды үйрету үш жасынан басталған.

Қайта құру заманы (XIV ғасырдың аяғы - XVI ғасырдың басы) жалпы идеологияға және өсіп келе жатқан ұрпаққа әскери-патриоттық білім беру жүйесіне қатты әсер етті. Өнеркәсіптің қарқынды дамуына байланысты салыстырмалы түрде жоғары мәдени деңгейдегі әскерлер мен матростар қолдану үшін барлық жаңа қару-жарақ пен әскери техника өндіру салалары жақсарды. Бұқаралық әскердің құралдары мен күштерін өте тиімді пайдалана алатын білімді офицерлер мен генералдар қажет болды.

Айталық, Францияда 1802 жылдан бастап болашақ офицерлер мен шенеуніктерді оқыту және тәрбиелеу үшін алты жылдық мемлекеттік лицейлер, ерлер орта оқу орындары салынды. Ұлыбританиядағы Сэндхерстте Корольдық әскери колледж (1802), ұлдар теңіз лигасының 1-ші бригадасы (1899), Дартмут пен Осборнда Әскери-теңіз мектебі тұрғызылды. Және басқа да оқу орындары ірге қалағанын тарихтан білеміз.

Ресейлік әскери тарихшы А.Строповтың айтуынша, Жапонияда азаматтарын «жастайынын өз мемлекетінің игілігі үшін кез келген уақытта өзін құрбан етуге үйреткен.” Бұған ата-бабалары табынатын –  конфуциянствоның ықпалы көп тигенін айту керек. Аспан асты келі саналатын Қытайда өсіп келе жатқан жастарға беретін әскери - патриоттық білім мемлекеттік идеология деңгейіне дейін жоғарылады.

АҚШ билігі балалық шақтан өз азаматтарына патриоттық білім берген.

Мектептерде төменгі сынып оқушылары тәуелсіздік декларация жайында ақпарат алған, оның пайда болуы туралы костюмді эскиздер ойнаған. Көрнекті американдық президенттердің және әке-құрылтайшылардың сөздерін жаттаған. АҚШ-тың тарихи кітаптарында американдықтардың ерлік істері туралы мысалдар жеткілікті. Жіберілген қателіктер де мойындалады, бірақ олар белгілі бір жағдайдың нәтижесі екені көрсетіледі.

1999 жылы АҚШ-тың негізгі мақсаты жаяу әскерлерін әскери отаншылдыққа және жастарды білімділікке үйрету болған. Сондай-ақ АҚШ-тың қорғаныс министірлігімен бекітілген ұйымдарда елдің қосымша әскери дайындықтағы 250 курстары болған.

Ұлыбританияда Қорғаныс министрлігі жастармен жұмыс істеу қызметін атқарады, оның басты мақсаты қарулы күштерді толықтыру және күшейту болып табылады.

Германияда оқушыларға әскери-патриоттық білімді берудің негізгі жұмыстарын қоғамдық ұйымдар атқарады. Германияның қорғаныс министрлігінде қарасты жұртпен байланыс қызметінің құрамында югенд офицерлер – жастармен жұмыс істеу офицерлері бар.

Көріп отырғанымыздай, әскери патриоттық тәрбие дегеніміз – ерлік пен отансүйгіштік қасиетке баулу. Студенттерді патриотизмгүе үйретіп, халқымыздың ұлттық құндылықтарын қастерлеуге шақыру. Отанға адал қызмет етіп, оны қорғау идеясын жетілдіру, Қазақстанның әскер тарихына деген  құрметін арттыру, әскери мамандықты меңгеруге баулу, әскери дәстүрлерді сақтау және ұлғайтуға атсалысу.

Біздің әскери кафедрада студенттерге Отан қорғау жолында тәртіп пен Заңға бағыну, азаматтық борышты атқару үшін қажетті ұйымшылдық пен тәртіп, жоғары моральдық, кәсіби-жауынгерлік даярлық, психологиялық жігер мәселесіне ерекше назар аударылады. Әскери кафедрада жеке құрам мен әскери дайындық өтетін студенттерге әскери-патриоттық тәрбие беру мәселелері оқу процесі кезінде және басқа кафедралармен, факультеттермен, қоғамдық мекемелермен оқу уақытынан тыс кезде шешіледі.

Әскери кафедраның профессорлық-оқытушы құрамы әдістемелік-тәрбие жұмысы барысында дәрістер оқып, бейнефильмдер көрсетеді, әнгімелесу жүргізеді. Жыл сайын, әскери кафедра Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күнін мерекелеу қарсаңында әскериленген эстафета өткізеді. 9 мамырда бітіруші курстың студенттері және әскери кафедраның офицерлері Тараз гарнизоны әскерлерінің құрамында әскериленген парадқа және Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетуге арналған шараларға қатысады.

Әскери кафедраның профессорлық-оқытушы құрамы бастапқы әскери дайындық оқытушыларымен нұсқаулық-әдістеме сабақтарын жүргізеді.  Әскери кафедраның оқу-материалдық базасын қолдана отырып, үнемі Тараз қаласының мектеп және колледж оқушыларымен әскери дайындықтан сабақ өткізеді. Сонымен қатар жыл сайын, жазғы маусымда  әскери кафедраның үшінші курс студенттерінің бес күндік жиынына Тараз қаласының мектептері мен колледж оқушылары да қатыстырылады. Бірлескен даладық жиында олар командамен жұмыс жасауды үйреніп, шыңдалады.

Мұндай іс-әрекеттер Отанымыздың ертеңін қорғайтын ұл-қыздарды шыңдай түсетіні сөзсіз. Өйткені, жастар патриоттық-әскери тәрбие арқылы бойларына рухшылдықты, адамгершілікті, туған жерге деген борыштарын сезініп, мемлекетінің амандығы мен тыныштығы үшін жан қиюға әзір болып жетіледі. Бұл бағытта Қорғаныс министрлігінің атқарып жатқан шаруалары да ұшан-теңіз екенін айтуға тиіспіз. Әр жыл сайын ұйымдастырылатын әскери-патриоттық жастар жиындары біздің жұмысымыздың сарапшысы екенін жасыра алмаймыз. Себебі, сондай басқосуларда еліміздің әр түкпірінен жиналатын командалардың сайыстары арқылы біз өз ісіміздің қаншалықты жеміс бергенін көреміз.

Подполковник Жанат Наурызбаев,

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті әскери кафедрасының аға оқытушысы


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"