Әлемдік әскерилер сайысы

Халықаралық әскери оқу-жаттығулар ынтымақтастықтың, тәжірибе алмасудың, бейбітшілік пен ниеттестік кепілінің символы іспеттес. Мұнда әр мемлекеттің әскерилері намыс жолында, достастық сапында бар күш-жігерлерін сарп етеді. Қуанатыны, осындай оқу-жаттығулардың нәтижесінде Қазақстан армиясы әлемге қуаттылығын көрсетіп, кәсіби шеберліктерін мойындатып жүр...
Бүгін біз соңғы айда ұйымдастырылған байқауларға кеңірек тоқталдық. Оқып көріңіз...

Алты мыңнан астам әскери қатысқан оқу-жаттығу

Қазақстанның әскери қызметшілері «Өзара іс-қимыл – 2016» ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы жедел ден қою ұжымдық күштерінің әскери контингенттерімен командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысты. Осы жылдың әскери маневрлері тамыздың 14-і мен 19-ы аралығында Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Әуе-десанттық әскерлерінің «Струги Красные» 714-ші полигонында өтті. Оқу-жаттығуды өткізу ауданында оған қатысатын әскери контингенттерге арналған далалық лагерь өрістетілді. Тұрмыс пен тыныс-тіршілікке қажетті барлық жағдай жасалды. Іс-шараға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери қызметшілері қатысты.

Оқу-жаттығу бірнеше кезеңде өтті. Алғашқы дайындық кезеңі аясында ҰҚШҰ ҰЖДК-ның қолбасшылығымен жедел жиын өткізілді. Екінші кезең барысында шешім қабылдау және бірлескен операцияны жоспарлау, өзара іс-қимылды, жан-жақты қамтамасыз ету және басқару, арналуы бойынша тапсырмаларды орындауға ҰЖДК контингенттерін тікелей дайындау мәселелері пысықталды. Соңғы үшінші кезеңде қарулы жанжал аудандарын оқшаулау және заңсыз қарулы құралымдарды жою жөніндегі тапсырмаларды шешу кезінде ҰЖДК контингенттерін басқару мәселелері қаралды.
ҰҚШҰ ҰЖДК-ның тартылған контингенттерінің саны 1 300-ден аса адам. Оқу-жаттығуға барлығы 6 000-нан астам әскери қызметші, 1000 бірлік қару-жарақ, жауынгерлік және арнайы техника қатысады. «Струги Красные» полигонынан басқа, Батыс әскери округінің тағы екі полигонында өтті.
Оқу-жаттығудың соңында белсенді фазасының ақтық кезеңі барысында десант түсіріліп, шартты қарсыластың баса көктеп кіруі тойтарылды және одақтастардың әскерлері шабуылға қарсы шығуға көшті. Үш күн бойы ҰҚШҰ мүше мемлекеттерінің бірінің аумағында шартты шекара жанжалын оқшаулау жөнінде тапсырмалардың кең ауқымы пысықталды.  ҚР Аэроұтқыр әскерлері, РФ Әуе-десанттық әскерлері, БР Арнайы операциялар күштері құрамынан ҰҚШҰ-ның Ұжымдық жедел ден қою күштеріне кіретін әскери контингенттер, сондай-ақ, Армения, Қырғызстан және Тәжікстанның жедел топтары  жекелеген және бірлескен жаттықтырулар өткізді. Әскери қызметшілер қойылған тапсырмаларды шешу кезінде заңсыз қарулы құралымдарды жою, қорғанысты ұйымдастыру және шабуылды жүргізу, мотоатқыш, танкті, артиллериялық, отшашар бөлімшелерін, армиялық және жедел-тактикалық авиацияны қолдану жөніндегі тапсырмаларды шешуде бірыңғай көзқарасқа келді.

 

«Достастық жауынгеріне» дайынбыз

«Достастық жауынгері» – сержанттар мен сарбаздар лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілердің сайысы. Жарыстың негізгі мақсаттары мен міндеттері – әскери қызметшілердің дене даярлығының деңгейін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, жеке құрамның жеңіске деген талпынысын, жоғары физикалық жүктемелер мен жүйке-психикалық шиеленіске төтеп беру қабілеттілігін ояту, әскери қызметшілерді жоғары кәсіби және мемлекеттік даярлыққа ынталандыру болып табылады.   Дәстүрлі түрде байқау бес кезеңнен тұрады. Онда қатысушылар өздерінің физикалық күштері мен ептіліктерін, кәсіби шеберліктерін, оқ ату даярлықтарын, сондай-ақ, әскери тарихты білу және шығармашылық дарындылықтарын көрсетуі тиіс.

Былтырғы жылы «Достастық жауынгері» Қазақстанда өткен болатын. Ол кезде қазақстандық әскери қызметшілер Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Тәжікстанның командаларынан оза шапты. Байқаудың абсолютті жеңімпаздары атанып, барлық аталымдарда бірінші орынды иеленді.

Бүгінде ҚР Қарулы Күштерінде достастық армиялары әскери қызметшілерінің әскери-кәсіби шеберлік байқауына қатысу үшін жалпыәскери іріктеу туры аяқталды.  Іріктеу «Спасск» оқу-жаттығу орталығындағы 36352 әскери бөлімінің базасында өткен болатын. Практикалық сабақтарда алаңда әскери қызметшілер өздерінің машықтары мен кәсіби шеберліктерін паш етті.  Биылғы жылы әйел әскери қызметшілер ерекше табандылық пен жақсы дайындық көрсетті. Енді іріктелініп алынған үміткерлер бір ай бойы байқау бағдарламасы бойынша практикалық дайындықтан өтеді. Шешуші іріктеуден кейін бір ғана команда қалады.  Дәл сол команда «Достастық жауынгері» байқауында өнер көрсетеді. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен сержанттар мен сарбаздар (олардың ішінде 1 әйел) лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген 4 әскери қызметшіден құралған команда тартылады. Іріктеу бойынша іс-шаралар үш кезеңде ұйымдастырылады: 1)      өңірлік қолбасшылықтар, әскер тектері ауқымында өткізілген байқау жеңімпаздары санынан 12 адамды (3 команданы) іріктеу;  2)      байқау бағдарламасы бойынша іріктелініп алынған үміткерлердің іс жүзіндегі дайындығы; 3)      4 адам санында қазақстандық команданың шешуші іріктелінуі. Байқау 5 кезеңнен тұратынын естеріңізге сала кетейік. Атап айтқанда, «Атлет» әскери-спорттық кезеңі, «Кәсіпқой» әскери-кәсіби кезең, оқ ату даярлығы бойынша «Мерген» сайысы, «Кавалер/Ханым» көркем-әдеби және би шығармашылық байқауы, әскери тарихты білуі бойынша «Білімпаз» байқауы.

Сайыс қыркүйек айының 4-і мен 10-ы аралығында Ресейдегі Мәскеу облысының «Алабино» полигонында өтеді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"