Әділбек Ниязымбетов: "Қазақстан халқының сенімін ақтаймын"

Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға жолдама ұтқан былғары қолғап шеберлерінің бірі Әділбек Ниязымбетовпен тілшіміз шағын сұхбат құрған еді. Назарларыңызға соны ұсынамыз.

– Кешегі Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегерісіз. Бұдан кейінгі жеңістер де толайым. Сондай жеңістерге жеткен кезде қандай күйде боласыз?

–Лондон Олимпиадасы кезінде көңілім орнына түспей қойды. Егер мен 16:15 есебімен ұтылған болсам, онда жеңілгенімді мойындар едім. Қырсық қылғандай есептің тең түскендігіне күйіндім. Тең түсіп тұрып жеңімпаз атанбау қиын екен. Одан кейін өз-өзіме келе алмай біраз жүрдім. Алдағы уақытта жіберген қателіктерімді қайталамауға тырысамын.

Қазір тек шүкіршілік етемін. Көбінесе рингке шыққан сәттерімде ағайын-туыстарым, достарым, жанкүйерлерім көңіл-күйімді көтеріп, қолдау білдіріп жатады.

– Сол Олимпиададан алған медаліңіз қайда сақтаулы?

–Үйімде тұр.

– Әдемі бокстасып, қарсылас соққысынан жалтара білетін ерекшелікті байқаймыз. Дегенмен, кейде рингте сырт көзге сенімсіздеу жүргендей көрініп қаласың. Мұның себебі не?

– Рингке шыққанымда өзіме жүз пайыз сенімді боламын. Сырт көзге сенімсіздеу көрініп жатсам, ол – менің рингте ұстанған тактикамның бірі. Үздіксіз шабуылдаған қарсыласымды күтіп аламын да, қарымта соққы жасаймын. Кейде күтіп жүремін деп көп уақыт өткізіп алып, қателікке бой алдырып жататыным рас.

– Сіздің ұлтыңызға қатысты бірқатар таластар болып та жатады…

– Солай ма? Ондайды естімеппін. Ұлтым – қазақ. Өзбекстанның Нөкіс қаласында тұрғанымыз рас. 2002 жылы өз елімізге көшіп келдік.

– Қай жекпе-жегіңіз өз көңіліңізден шықты?

– Олимпиада ойындарының жөні әрқашан да бөлек болатыны белгілі. Шаршы алаңдағы барлық айқасым мен үшін өте қиын болды. Әр кезеңнен асқан сайын қарсыластарым да ширыға түсті. Олардың ешқайсысын «анау мықты, мынау әлсіз» деп айта алмаймын. Ешқайсысы осал емес. Тек тактикалық тұрғыдан әдіс қолданып, рингте шеберлікпен жұмыс істей алсаң, кез келгенін ұтуға болады. 

– Алда Рио де Жанейрода тағы бір Олимпиада күтіп тұр сізді. Кешегі Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегерінің түйген ойы қандай?

– Кезінде жіберген қателіктерімді жоюға бар күшімді салып, техника мен жылдамдыққа баса мән берудемін. Алдағы Олимпиада ойындарында жақсы жетістіктерге жетіп, тек Маңғыстаудың ғана емес, бүкіл Қазақстан халқының сенімін ақтаймын деген үміттемін.

– Біз де жеңісті күнде тағы жолығармыз деген үміттеміз. Сәттілік серігіңіз болсын!


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"