«Адамға отбасы не үшін қажет?»

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік  институтында әскери қызметшілердің отбасымен жұмысты ұйымдастыру қызметі әскери қызметшілер  мен олардың отбасы мүшелерімен бірлескен психологиялық тренинг ұйымдастырды.  

«Адамға отбасы не үшін қажет және оны сақтап қалу жолдары» тақырыбында өткен тренингті психология ғылымдарының кандидаты, доцент, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры міндетін уақытша атқарушы Майра Кабакова өткізді. Психолог қазіргі кезде біздің мемлекетімізде, өкінішке орай, ерлі-зайыптылардың ажырасу фактісі жиілеп келе жатқанын тілге тиек етті. Оған себеп – отбасылық жанжалдың көбеюі. Бұл тренингте жанжал кезінде кінәліні іздемей, ерлі-зайыптылардың тығырықтан білесіп шығу жолдары қарастырылды. Түрлі ситуациялық оқиғаларды тілге тиек ете отырып, кімнің қандай әрекет ұстануы керек екендігін мысалдармен өрбітті. Институттың әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелері де түрлі сұрақтар қойып, қызу пікірталастар ортаға салынды. Бұл жастар арасындағы ажырасу жағдайын болдырмау немесе алдын алу ісіндегі үлесі зор іс-шараның бірі болды. Отбасылық құндылықтар туралы рухани тағылымы мол тың деректерді құлақтарына құйып қана қоймай, көкірек көздерімен түйсіне білген тренинг қонақтары лекторға деген алғыстарын айтып, ізгі тілектерін білдірді.

                                                                                                                        С.Жүнісова

РЭжБӘИИ

Әскери қызметшілердің отбасымен

жұмысты ұйымдастыру қызметі

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"