73 жыл тарихы бар әскери бөлім

16194 әскери бөлімі сонау Ұлы Отан соғысы жылдарында 1943 жылы 5 қазанда Пенза облысы Сердобск қаласында құрылған. Біздің әскери бөлімнің негізгі міндеті байланыспен қамтамасыз ету.

Байланыссыз бірде-бір оқу-жаттығулары өткізілмейді, сондықтан біздің 73 жыл тарихы бар әскери бөлім Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері аумағында өткізілетін барлық оқу-жаттығуларға қатысып келеді. 

Осы жылдар ішінде талай құрметтер мен наградаларға ие болған.Әскери бөлімнің құрылғанына 73 толуына  орай әскери бөлімде  үлкен мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шара әскери бөлім командирі полковник Тілек Әбдірахмановтың жеке құрамды  құттықтау сөзімен ашылды. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдаушы әскерлері қолбасшылығы Басқармасынан  подполковник М.Асаинов келіп өз лебізін білдірді. Әскери бөлімнің ардагерлері де тілектерін айтып, жеке құрамды төл мерекесімен құттықтады.  

Іс-шара жеке құрамның күшімен ұйымдастырылған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Әскери бөлімнің талантты әскери қызметшілері ортаға шығып ән шырқап, әзіл-ысқақ көріністер көрсетті. Сонымен қатар, Айдана Төлеуова Қалижанқызы «Қазағым менің» әнін шырқағанда бүкіл зал риза болды. Кіп-кішкентай қыз  залда отырғандардың елімізге, Отанымызға деген сүйіспеншілігін, сезімін  арттырып, патриоттық сезімдерін оята түскені анық.

 

М. Қанапьянова

16194 әскери бөлімі

        


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"