63310 әскери бөлімінде «Тіл – татулық тірегі» атты айлық ұйымдастырылды

Бәрімізге белгілі, Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 Жарлығына сәйкес, қыркүйектің үшінші жексенбісінде «Қазақстан халықтары тілдерінің күні» мерекесі аталып өтеді.

 

Соған орай 63310 әскери бөлімінде 22 тамыз – 23 қыркүйек аралығында «Тіл – татулық тірегі» атты айлық ұйымдастырылды. Аталған айлықта әскери қызметшілердің тілді меңгеру деңгейі сарапқа салынып, тіл туралы мол мағлұматтармен таныс болды. Мысалға келетін болсақ, бастауыш тобының тыңдаушылары «Ұлтым басқа – тілім қазақ» атты шағын шығарма жазды. Онда аға лейтенант В.Лагус пен аға лейтенант С.Братко сөйлеу мен жазу мәнерінен көзге түсті. Ал, «Тіл – достастық көпірі» атты шағын фильм-көрсетілімнен тілдің қарым-қатынас құралы екенін айқын түйсінді.  Сондай-ақ, әскери қызметшілер өздері білмеген, көкейінде жүрген  сұрақтарын, ой- толғауларын айтып, сыр шертті. Тіл айлығында  тек қана қазақ тіліне ғана көңіл бөлінген жоқ. Басқа тілдерді де қыр-сырынан салыстырып, ерекшеліктері қарастырылды. Мен, өзім түрік, ағылшын тілін білгендіктен, топ алдында осы тілдердің  ерекшеліктері туралы айтып, бір жаңалық ашқандай болдым. 63310 әскери бөліміне қызметке кіріскелі көп болмаса да, көптеген  өзгерістер енгізілді. Атап өтетін жайт, қазақ тілінің өркендеуіне үлесін қосып жатқан  біздің әскери  бөліміміздің іс-құжаттары –  мемлекеттік тілде. Осындай істеліп жатқан істер үлкен нәтижелерге апаратыны сөзсіз.

Тағы айтарым, тіл айлығының әскери бөлімдерде өткізілуі әскери қызметшілерге басқа бір мамандық саласын меңгергенмен тең. Әскери қызметшілер білгенін тоқып, білмегенін шоқып, мемлекеттік тілде сөйлеуге шақырады.  Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Әрбір адам өз ана тілін білу және мемлекеттік тілін меңгеру міндетті.

 

Штаттан тыс мемлекеттік тілдің оқытушысы А.ӘУБӘКІРОВА,

63310 әскери бөлімі


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"