6-шілде - Аэроұтқыр әскерлерінің күні

Осыдан он алты жыл бұрын, яғни «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымы туралы» 2000 жылғы 6 шілдеде Президенттің Жарлығымен 35-гвардиялық десанттық-шабуылдау бригадасының базасында ҚР ҚК Ұтқыр күштері құрылған еді.  Кейін 2013 жылдың қыркүйегінде Қорғаныс министрінің директивасы негізінде Ұтқыр күштері Аэроұтқыр күштері болып атауын өзгертті. Биыл он алты жыл толып отырған еліміздің ҚҚ Аэроұтқыр әскерлерінің игі жетістігі аз емес.

Аспан әлемін бағындырды

 

ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерінің әскери қызметшілерінің жауынгерлік әзірлігінің ең бастысы – парашюттен секіруді іске асыру. Осы орайда жыл басында Қапшағай қаласының жанындағы Жетіген аэродромында алғаш рет ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері 800 м биіктіктен парашютпен секіріп, «аспан әлемін» бағындырды. Олар тұңғыш рет «Airbus Military» испандық концерн жасап шығарған С-295 ұшағынан парашютпен қарғып секірді.

Сөйтіп, ҚР ҚК 61993 әскери бөлімінің,парашюттық-десантшылар батальоны мен Казбат бітімгерлік батальоны жеке құрамының 200-ден астам әскери қызметшілері жауынгерлік тапсырмаларды орындады және өздерінің тас түйін дайындығын көрсетті. Секіру 61993 әскери бөлімінің командирі, полковник Шайх-Хасан Жазықбаевтың басшылығымен бекітілген тәртіп пен ережеге сай өткізілді.

 

Алғашқы жорық сәтті өтті

 

Қаңтардың орта тұсында Аэроұтқыр әскерлерінің әскери қызметшілері биылғы жылдың алғашқы далалық жорығына шықты. ҚР Қарулы Күштерінің «Іле» полигонында 61993 әскери бөлімі десанттық-шабуылдау батальонының 200-ден аса әскери қызметші бес күн бойы атыс даярлығын пысықтады. Олар бақылау атыстарының 4-ші жаттығуын, бақылау атыстарының 2-ші жаттығуын, Макаров тапаншасынан, РПГ-7-ден, БТР-80 қару-жарағынан бақылау атыстарының 1-ші жатығуын орындады. Далалық жорық шеңберінде әскери қызметшілермен арнайы даярлық пен жауынгерлік машиналарды жүргізу, дене даярлығы бойынша сабақтар өткізілді.  Барлық сабақтар жоғары білікті нұсқаушылармен өткізілді. Осы іс-шаралардың негізгі мақсаты жеке құрамның практикалық дағдысын жетілдіру, жылжымайтын және қозғалмалы нысаналар бойынша өздігінен оқ ату, жауынгерлік даярлық бойынша нормативтерді орындау кезінде штаттық қарумен іс-қимылдарға жеке құрамды жаттықтыру болды. Оқ ату даярлығында ең бастысы күндіз және түнде оқ ату кезінде орындалған жаттығулар мен қауіпсіздік шараларын жақсы меңгеруге қол жеткізу болды.

 

«Десант биатлонына» дайындалды

 

Биыл қазақстандық десантшылар  «Армия ойындары – 2016» халықаралық жарысы шеңберінде өтетін «десант биатлоны» додасына белсенді түрде дайындалды. Десантты түсіру, таулы жерде барлау, жауынгерлер мен қару-жарақты бір жерден екінші жерге көшіру – бұл десант биатлоны қатысушыларының негізгі іс-қимылдары.

Дайындық процесінде әскери қызметшілер Текелінің жер бедерін бағындырды,  әуе десанттауды, қаруды ұстау және қарсылас тылында ұрысты жүргізуді пысықтады. Одан басқа, таулы жерде барлауда жауынгерлердің дайындығы тексерілді. Мұнда әскери қызметшілер табиғи бөгеттерден кедергілер жолағын еңсеру тапсырмасын орындауы қажет еді. «Біз тігінен шыңға шығуды пысықтадық. Бұл – маңызды жаттығу. Ол үшін мықты мінез және биіктіктен қорықпау керек. Осы жаттығуды орындау кезінде командалық жұмысымыз тексеріледі», - дейді 48386 әскери бөлімінің әскери қызметшісі кіші сержант Рамазан Ерғали.

 

Жолдама үшін бақ сынасты

 

«Армия ойындары-2016» халықаралық жарысы шеңберінде өтетін «Эльбрус шығыршығы» байқауына жолдама ұтып алу үшін әскерилер «Әскери альпиниада» бақ сынасты.

Әскери альпиниада бес кезеңнен тұрды. Алғашқы және екінші кезең аясында қатысушылар бағдардың күрделі емес шөпті, оранбалы және қарлы учаскелері бойынша күндізгі өткелден өтті. Үшінші және төртінші кезеңдерде оларға «Ілмелі өткел», «Құзға өрмелеу» және «Жаралыны тасымалдау» бойынша арнайы учаскелерден өту қажет болады.

«Тау – бұл қателікті кешірмейтін, алдын ала болжауға келмейтін әрі күрделі стихия. Сондықтан, АОСК-ның алдындағы басты тапсырма экстремалды жағдайларда байқауды қауіпсіз өткізу болып табылды. Байқаудың барлық кезеңдері жеткілікті күрделі болды. Себебі, ауа райы құбылып, тосын мінез танытты. Жаңбыр жауып, таулардағы көрінушілікті төмендетті және аптап ауа райы болды. Қатты шаршағандықтан командалардың қашықтықты еңсеріп өте алмаған кездері де болды. Алайда, мұның барлығына қарамастан, сайыс жоғары деңгейде өтті және көптеген әскери қызметшілер жоғары дайындық деңгейін көрсетті», - дейді сайыс төрешісі, АОСК штаттық командасының таулы даярлық  жөніндегі аға бапкері аға лейтенант Мақсұт Жұмаев.

«Менің командам жақсы нәтиже көрсетті.  Мұның барлығы жақсы дайындық пен команданың командалық рухтығының арқасы. Жарыс барысында қиындықтар болды. Қашықтықты өткермей, барлығын тастап кеткін келген кезеңдер болды. Алайда, біз соңына дейін жетіп, жеңіске қол жеткіздік», - дейді сайысқа қатысушы Ерлан Шөкеев.

Сонымен,  бұл сайыстың жеңімпазы Аэроұтқыр әскерлері 48386 әскери бөлімі атанса, 32356 әскери бөлімі екінші орынды, «Оңтүстік» ӨңҚ 03811 әскери бөлімі үшінші орынды еншіледі. 

 

«Эльбрус шығыршығында» қорғайды

 

Осылайша, Альпиниада  қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған Қазақстан Аэроұтқыр әскерлері «Эльбрус шығыршығы – 2016» халықаралық байқауына қатысып, ел намысын қорғайтын болды.

 

Бұл  «Эльбрус шығыршығы – 2016» халықаралық  Ресей Федерациясында өтеді.  Теңіз деңгейіндегі 5 642 метр биіктікте орналасқан ғаламшардың ең биік шыңдарының бірі Эльбрусты бағындыру үшін өзге елдердің мықты әскери альпинистерімен күш сынасуда әскери қызметшілер құзға өрмелеу, таулы өзендер арқылы өткелден өту, арқан арқылы өту және таулы жерде жаралыны көшіру іспетті элементтерді пысықтайды.
Теңіз үстіндегі биіктігі 5 642 метр Ресейдегі ең жоғары Эльбрус шыңын бағындыруда еліміздің Аэроұтқыр әскерлері елдің үмітін ақтайтынына сенімдіміз.

 

Сөз соңы

Айта кетейік, Аэроұтқыр әскерлері ел Қарулы Күш­тері Жоғарғы Бас қолбасшысының резерві болып саналады. Олардың басты міндеттері әскери-саяси жағдайлардың күрт өзгеруі кезіндегі дағдарысты жедел шешуге, мемлекеттің ұлттық мүддесін қорғау мақсатында кенеттен туындаған жағдайларды орындауға және операция бағытына әскерлерді топтастыруды нығайтуға бағытталған. Елде және сырт жерлерде де бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдау мақсатындағы Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттерін орындауға қатыса алады Оның құрамына десантты-шабуылдаушы бөлімшелер, бө­лім­дер мен құрамалар, сондай-ақ арнайы бөлімдер, тыл және техникалық қамта­ма­сыз ету бөлімдері кіреді. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"