Қарағандылық 55 сарбаз әскерге аттанды

8 қараша күні Қазақстан қарулы күштерінің сапына қарағандылық 55 сарбаз қосылды деп хабарлайды Sarbaz.kz. Оларды отан алдындағы борышын өтеуге салтанатты түрде шығарып салу рәсімі “Мәңгілік алау” маңында өтті.

Жүз жігіттің ішінен іріктеліп, қатаң сұрыптаудан өткен 55 сарбаз алдымен Алматы облысында оқу-жаттығудан өтеді. Содан кейін ел тыныштығын күзетуге жан-жаққа жіберіледі.

- Отан қорғауды өзіне міндет санаған жас жігіттерді әскерге салтанатты түрде шығарып салу жақсы үрдіске айналып келеді. Жергілікті билікпен бірігіп, азаматтық борышқа аттанған сарбаздарға ақ жол тілеп, үлкен үміт пен міндет жүктеп шығарып салғалы тұрмыз,- деді Астана өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысы генерал – майор  Сұлтан Камалетдинов.

Әскерге 18 бен 27 жас аралығындағы жігіттер жарамды. Әскерге салтанатпен аттанған жігіттердің де жас шамасы әртүрлі. Дегенмен олардың барлығы кешенді тексеруден өтіп, жан жақты дайындықпен бара жатыр.
Таудың тасындай сапқа тізілген жас сарбаздар азаматтық борыштарын Шығыс Қазақстан  облысына жақын Серебрянск қаласында өтейді.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"