500 жасөспірім «Жас ұлан» әскери мектептерінің тәрбиеленушісі атанды

Республикалық әскери мектеп-интернаттарда тәрбиеленушілерді оқуға іріктеу аяқталды. Әскери болуды армандайтын Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жасөспірімдер конкурстық іріктеуден өтті.

Биылғы жылы Астана, Алматы, Шымкент және Қарағанды қалаларындағы «Жас ұлан» төрт республикалық әскери мектебіне 497 ұлан оқуға түсті. Бозбалаларға психологиялық тестілеуден, дене даярлығынан, медициналық куәландырудан және т.б. өтуге тура келді. 2015 жылдан бастап мектепке 9-сыныптан кейін қабылдайды.
Оқыту бағдарламасына мемлекеттік және шетел тілдерін, әскери пәндерді оқу және күшейтілген дене дайындығы кіреді. Мектептің біршама түлектері офицер атанып, қазіргі кезде Қазақстанның Қарулы Күштерінде және өзге де әлеуетті құрылымдарда қызмет атқаруда. Жыл сайын еліміздің барлық аймағынан «Жас ұлан» республикалық әскери мектептеріне 70-тен бастап 100 балаға дейін оқуға түседі. Жасұландықтардың дайындық деңгейі жыл сайын өсіп келеді. Оқыту үдерісінің іс жүзіндегі маңыздылығы жоғарлады, тәрбиеленушілердің зияткерлік тұрғыда дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Барлық оқу-тәрбие процесі баланың кішкентай кезінен бастап өз Отанына адал болуына, оны сүюге және ұлтжанды болуына баулуға бағытталған.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"