«№405-авиажөндеу зауыты» АҚ «Ресей тікұшақтары» авиажөндеу кәсіпорны куәлігін алды

«№405-авиажөндеу зауыты» АҚ Қазақстанның аумағында авторизацияланған авиажөндеу кәсіпорны ретінде «Ресей тікұшақтары» акционерлік қоғамынан куәландыру рәсімінен өтті.

Мәскеу облысының Кубинка қаласындағы «Армия-2016» халықаралық әскери-техникалық форумы барысында қазақстандық зауыттың басшылығына салтанатты түрде тиісті құжат табыс етілді. Кепілдемелік және сатудан кейінгі қызмет көрсету жүйесін дамыту шеңберінде «Ресей тікұшақтары» АҚ «М.Л. Миль атындағы МТЗ» АҚ құрастыру бюросымен бірлесе қазақстандық кәсіпорынның күрделі жөндеуді, техникалық қызмет көрсетуді,   Ми-8Т, Ми-8П, Ми-8ПС, Ми-17, Ми-8МТВ-1, Ми-17-1В, Ми-8АМТ, Ми-171(Е), Ми-172 үлгісіндегі тікұшақтарға толымдаушы бұйымдардың жөнделуінің жоғары сапада орындалуын растады.
 Куәлік Қазақстанда авиациялық техниканың көрсетілген үлгісінде жұмыстардың барлық түрлерін жүргізуге мүмкіндік береді. Осылайша, IV халықаралық «KADEX-2016» көрмесінде «Ресей тікұшақтары», «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ және «№405-авиажөндеу зауыты» АҚ арасында қол қойылған үшжақты келісім Қазақстанда тікұшақ техникасына сатудан кейінгі қызмет көрсету аясында алғашқы нәтижелерін берді.  
«№405-авиажөндеу зауыты» АҚ 2012 жылдан бастап бүкіл республика бойынша ресейлік өндірістің тікұшақтарына сервистік қызмет көрсету бағдарламасын іске асыруда. Аталған бағдарламаның мақсаты ұшулар қауіпсіздігін арттыру, үздік пайдалануды қамтамасыз ету, халықаралық стандарттар деңгейіне дейін техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша сервистік қызметтер сапасын жеткізу болып табылады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"