4 мыңға жуық әскери қызметші мерзімді әскери қызметтен босатылады

ҚР Қарулы Күштерінде заң бойынша белгіленген 12 ай мерзімін өткерген мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді жоспарлы босату басталды.

Жыл сайын Қазақстанда «Әскери қызмет пен әскери қызметшілердің  мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкес мерзімді әскери қызметке 30 мыңға жуық ер азамат шақырылады. Ағымдағы жыл бойынша барлығы 4 мыңға жуық мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер шығарылуға жатады. Бұл ретте Құрлық әскерлері бойынша «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығынан 850-ге жуық, «Шығыс» ӨңҚ 550-ден аса, «Батыс» ӨңҚ 500-ге тарта, «Астана» ӨңҚ шамамен 50 әскери қызметші, Аэроұтқыр әскерлерінен 900-ге жуық, Әуе қорғанысы күштерінен 950-ге тарта, Әскери полициядан 30-ға жуық, СК – ҚР ҚМ АОСК-нан 25-тей әскери қызметші  босатылады. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді босату жыл сайын жүргізіледі. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа босату Қорғаныс министрі мен Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабы бастығының бұйрықтарына сәйкес әскери бөлімдердің командирлерімен жүргізіледі.  Әскери қызметшілердің көбісі  әрі қарай ҚР Қарулы Күштер қатарында қызметті жалғастыруды, ел игілігі мен Отанына қызмет етуді жоспарлауда.  2016 жылғы 1 сәуірде көктемгі шақыру басталғанын естеріңізге сала кетейік. Онда 15 мыңнан аса жас бозбала мерзімді әскери қызметке шақырылатын болады. Ағымдағы жыл бойынша ҚР Қарулы Күштер қатарын 30 мыңға жуық шақырылушы толықтырады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"