2017 жылдан бастап Қазақстан мен Италия жоспарлы әскери ынтымақтастықты бастайды

2017 жылдан бастап Қазақстан мен Италия  жоспарлы әскери ынтымақтастықты бастайды
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ресми сайтынан алынған фото

Астанада ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Мұхтаровтың ҚР-дағы Италияның төтенше және уәкілетті өкілі Стефано Раваньянмен кездесуі өтті.

Кездесу барысында екіжақты әскери ынтымақтастықтың мәселелері талқыланды. Оның ішінде, өңір мен әлемде әскери саладағы сенімділік пен ашықтылықты нығайту, кадрларды даярлау мен жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық, бірлескен далалық шығуларды, мергендердің жиындарын өткізу, жауынгерлік жүзушілерді оқытып-үйрету, бітімгершілік бөлімшелердің әлеуеті мен мүмкіншіліктерін арттыру жөніндегі бағыттар басым болып белгіленді.

Генерал-майор Талғат Мұхтаров қазақстандық мамандардың Италияның жауынгерлік жүзушілер орталығына баруының маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, италиялық командаларды 2017 жылы өтетін «Алтын үкі» сайысы мен Армия халықаралық ойындарына қатысуға шақырды. 2017 жылдан бастап Қазақстан мен Италияның әскери ынтымақтастығы жоспарлы негізге көшетінін айта кеткен жөн. Ағымдағы жылдың қарашасында екі елдің қорғаныс ведомстволарының өкілдері арасында алғашқы штабтық келіссөздер өтті.

Оның барысында 2017 жылға арналған Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Италия Республикасының Бас штабы арасындағы ынтымақтастық жоспарына алғаш рет қол қойылды. Жоспарда жауынгерлік даярлық, әскери білім беру аясындағы ынтымақтастық, сонымен қатар, екі елдің әскери қызметшілерінің бірлескен оқу-жаттығулар мен сайыстарға қатысуы көзделген.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

ПТРК "Метис" - самый мощный из самых легких

ПТРК "Метис" - самый мощный из самых легких