Минскіде Армия ойындарына дайындалу мәселелері талқыланды

ТМД қатысушы елдері Қарулы Күштері штабтарының басшылары 2016 жылға арналған ТМД ҚМК әскери ынтымақтастықтың іске асырылу жоспарын мақұлдады. Әскери қызметшілердің әскери-кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы мемлекеттері Қарулы Күштерінің бірлескен іс-шараларының ұйымдастырылуын саралады.

Минскідегі ТМД қатысушы мемлекеттері ҚК Штабтар бастықтары комитетінің отырысына Беларусь Республикасына ресми сапары шеңберінде ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы  генерал-полковник Сәкен Жасұзақов қатысты. ТМД елдері ҚК штабтар басшылары достастық армиялардың серіктестік өзара іс-қимылының нысаны ретінде ТМД қатысушы елдері Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің далалық (әуе, теңіз) дағдысы бойынша халықаралық жарыстарды әрі қарай өткізудің мақсатын атап өтті. Армия халықаралық ойындары – 2016 сайысын шілденің 30-ы мен тамыздың 13-і аралығында өткізу жоспарлануда. Аталмыш дода шеңберінде әскери округтердің 19 полигонында, Қара және Каспий теңіздерінің су айдынында және Қазақстан Республикасының аумағындағы екі полигонда («Артиллериялық оқ ату шеберлері», «Мерген шебі») 23 халықаралық байқауды ұйымдастыру жоспарлануда.  Одан басқа, әртүрлі елдің әскери қызметшілері бірлескен байланыс жүйелері, Біріккен бақылау жүйесі әскерлерінің (күштерінің) өзара іс-қимыл жоспары мен радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бағалау мәселелерін, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы мемлекеттері ҚК Штабтар бастықтарының комитеті туралы ережені, сондай-ақ 2017 жылы ТМД қатысушы мемлекеттері ҚК бірлескен іс-шараларын талқылады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"