Әскери-әуе күштерінің ұшу құрамы Үндістанда аман қалу курсынан өтті

Қазақстан Әскери-әуе күштерінің офицерлері майор Ержан Әбдіков пен Владимир Маркин Үндістанда қар құрсауындағы таулы жағдайлар мен джунглиде  ұшу құрамының жауынгерлік аман қалу курсынан өтті.

Аман қалу бағдарламасы үш аптаға бөлінді. Одан өту нәтижесінде әскери қызметшілер жақсы нәтижелермен толық курсты меңгерді.  Бағдарламаға практикалық дағдыны пысықтай отырып, автономды аман қалу жөніндегі мәселелердің толық тізбесі енгізілді. Алғашқы апта киім-кешек пен керек-жарақтандырудағы 15 шақырымдық кросстан, жүріп өтілген жер бойынша 20 келілік жүгі бар 10 шақырымдық жүгіруден құралған күшейтілген дене даярлығын қамтыды. Таулар мен джунглидегі автономды аман қалу бойынша теориялық дайындыққа алғашқы медициналық көмек көрсету, жергілікті жерде бағдарлау, от пен суды іздеп табу, уақытша пана жасау, жабайы жануарлардан қорғану, қорек іздеу бойынша дәрістер курсы кірді. Екінші апта барысында әскери қызметшілер таулы соқпақтар және суық қарумен мұздақтардан өту машығын қолдана отырып, 3 тәулік мерзімде биік таудың автономды жағдайларында іс жүзінде аман қалуды пысықтады. 5 тәулікке джунглидің автономды жағдайында әскери қызметшілердің іс жүзіндегі аман қалуы шешуші кезең болды.  Олар азық-түлік пен суды іздеді, кедергілерден өтіп, жабайы хайуандардан қорғанды, жергілікті жерде бағдарланды, суық қарумен қосалқы көмексіз 50 шақырымға дейінгі қашықтыққа көшті. Курс аяқталысымен қазақстандық офицерлерге дипломдар мен төсбелгілер табыс етілді. Нәтижесінде ұшу құрамы бағдарсыз жерде ұшу аппараттарын апаттық қалдырып кету жағдайында автономды аман қалуда тәжірибе жинақтады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"