Жексенбі күні ҚР Қорғаныс министрі әскери бөлімдердің жауынгерлік әзірлігін кенеттен тексерді

ҚР ҚК Жоғарғы Басқолбасшысы Н. Назарбаевтың тапсырмасымен 27 наурыз күні түнгі сағат бірде дабыл соғылып, Жамбыл облысындағы әскери бөлімдер жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтірілді.

Аталған әскери шара барысында ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов 03811 (Құлан ауылы), 91678 (Бауыржан Момышұлы ауылы), 85395 (Тараз қаласы) әскери бөлімдерінің және «Теріс-Ащыбұлақ» полигонының жауынгерлік әзірлігі мен қабілеттілігінің деңгейін тексерді. Бұл бөлімшелер белгіленген уақыт мерзімінде «Теріс-Ащыбұлақ» полигонына жиналып, қойылған міндеттерді орындады. Сондай ақ, жылжымалы басқару пункті, байланыс желісі және басқа да құрылымдар орнатылды. 85395 әскери бөлімінде (Тараз қаласы) тексерістің қорытындысы шығарылып, онда бөлімдердің жинақылығы мен ұтқырлығы және олардың белгіленген ара қашықтықты жедел еңсеру мүмкіндігі тексерілді. Кенеттен тексерістің басты мақсаты әскери бөлімдер мен оның құрылымдарының төтенше жағдайлар, лаңкестік әрекеттер қаупі төнгенде және орын алған кездегі үйлесімді әрекетін бағалау, сулы және таулы аумақтағы тапсырмаларды орындау болып табылады. Тек осындай тексеріс шараларының негізінде жауынгерлік даярлықтың деңгейін, жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтірудегі және белгіленген аумаққа шоғырланудағы командирлер іс әрекетінің тиімділігін айқындауға болады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"