Сержанттар мен сарбаздардың аттестатталу барысы тексерілді

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының өкілдерімен Ақмола гарнизонының әскери бөлімдеріндегі сержанттар мен сарбаздардың аттестатталуы барысы тексерілді.

Аттестаттау барысында Ақмола өңірлік гарнизонының бөлімдері тексерілді.  Аттестаттаудың басты міндеті әрбір әскери қызметшінің кәсіби және жеке қасиеттеріне, әлеуетті мүмкіндіктеріне жан-жақты және дәйекті мінездеме беру, аттестатталатын әскери қызметшілердің атқарып отырған лауазымдарына сәйкестігі мен олардың әрі қарай қызмет етуінің болашағын анықтау болып табылады. Аттестаттау нәтижелері туралы мәліметтер ай сайын ҚР ҚК Бас штабында жинақталатын болады.  Тексеріс барысында психологиялық тестілеу, жауынгерлік даярлық пәндері бойынша сынақтарды тапсыру нәтижелері, сыныптық біліктіліктің болуы, тікелей бастықтың мінзедемесі мен ұсынымдары ескеріледі.  Қорытындысы бойынша жоғары лауазымға ілгерілету және оқуға жіберу үшін сержанттардың резервісі жасалады. Аттестаттау – бұл өзіндік қайта емтихан тапсыру болып табылады. Оның мақсаты әрбір әскери қызметшінің кәсіби, іскерлік және жеке қасиеттерін айқындау. Аталмыш іс-шара ағымдағы жылдың қараша айына дейін жалғасады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

ПЗРК: история, виды, перспективы

ПЗРК: история, виды, перспективы

ПТРК "Джавелин" - копье-убийца танков

ПТРК "Джавелин" - копье-убийца танков