«Батыр арулар» әскери қызметші әйелдер байқауына өтініш беру аяқталды

ҚР Қорғаныс министрлігінің бастамасымен өткізіліп жатқан және Қазақстандағы әскери қызметті дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған «Батыр арулар» әскери қызметші әйелдер арасындағы байқауға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау аяқталды.

Байқау шеңберінде қатысушылар өздерінің сыртқы кескін-келбетін көрсетіп қана қоймай, қаруды шебер қолданатынын, дене даярлығын көрсетуі тиіс. «ҚР Қарулы Күштерінде лайықты әйел әскери қызметшілердің саны жетіп артылады.  Бұл байқау күнделікті тыныс-тіршілігіміз, күн сайынғы қызметіміз бен жауынгерлік әзірлігіміз туралы баяндап беруге мүмкіндік береді», - дейді қатысушылар. Бүгінгі таңда ұйымдастыру комитетіне еліміздің түкпір-түкпірінен 200-дей өтінім келіп түсті. Бірінші кезең аяқталғаннан кейін конкурсанттардың сауалнамалары ҚР Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz. ресми сайтында  орналастырылады, содан кейін ашық дауыс беру басталады. Екінші кезеңде 2016 жылғы сәуірдің 1-і мен маусымның 15-і аралығында өтетін халықтың дауыс беруі арқылы қазақстандық армияның он екі үздік өкілі анықталатын болады.  Байқаудың мақсаты – Қазақстан әйелдерінің әскери қызметтегі оң имиджін қалыптастыру, әскери кәсіптің беделін арттыру болып табылады.  Осы жылы байқау қатысушылары арасында әртүрлі әскери кәсіп иегерлері бар. Атап айтсақ, Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштерінің, Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері, ҚР ҚМ АОСК-ның спортшы қыздары мен тағы басқалар. 2015 жылы өткізілген ҚР ҚК әйел әскери қызметшілері арасындағы тұңғыш республикалық байқауға қазақстандық армияның өкілдері қатысқан болатын. Еліміздің түкпір-түкпірінен өтінім жолдаған 123 қатысушының фотосуреттері мен жеке сауалнамалары ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында орналастырылды және бір жарым ай бойы ғаламтор пайдаланушыларының дауысын жинады.  Қырық күндік онлайн дауыс беру нәтижесінде конкурсанттарға 255 725 дауыс берілді. Байқау қазақстандықтардың арасында ғана емес, сонымен бірге өзге елдердің тұрғындары арасында да қызығушылық туғызды. Дауыс беруге Ресей, АҚШ, Германия, Индонезия және Үндістанның пайдаланушылары белсене атсалысты. Нәтижесінде бірталай сынақтардан мүдірмей өтіп, жауынгерлік әзірліктерін, төзімділіктері мен күш-жігерлерін паш етіп, Қазақстан Қарулы Күштерінің лайықты өкілдері болып табылатынын дәлелдеген 12 жеңімпаз анықталды. Соңында әйелдерді кәсіби стилистердің әрлеуі мен «Батыр арулар» байқауының әр жеңімпазы жеке парақты ажарландыра түсетін мамандандырылған күнтізбеге арналған фотосессия күтіп тұрды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"