Қазақстан ҰҚШҰ мүше мемлекеттерінің ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялады

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының пленарлық отырысында әскери және өзге де құралымдарды, олардың жылжымалы мүлкін, сондай-ақ әскери мақсаттағы өнімді тасымалдау аясында ҰҚШҰ мүше мемлекеттерінің ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қабылданды.

Екінші болып 2003 жылғы 28 сәуірдегі ҰҚШҰ мүше мемлекеттерінің теміржолдарын техникалық тасалаудың бірыңғай жүйесін құру және оған өзгерістер енгізу туралы келісімнің қолданыс мерзімін ұзарту туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы қабылданды. Аталмыш халықаралық шарттарға 2015 жылдың 15 қыркүйегінде Душанбеде ҰҚШҰ мүше мемлекеттерінің басшыларымен қол қойылды. Заң жобалары бойынша баяндамамен ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары  генерал-майор Талғат Мұхтаров сөз сөйледі. «ҰҚШҰ мүше мемлекеттерінің тасымалдауы аясындағы келісім көліктің барлық түрлерін қолдану мен 15 күнге дейін тасымалдау мен транзитке өтінімдерді қарау мерзімінің қысқартылуын көздейді. Бұл ретте тасымалдау бірлескен операцияларды, оқу-жаттығуларды өткізу, төтенше жағдайлар салдарын жою, ұдайы немесе уақытша орналасу орындарына құралымдарды алмастыру, ҰҚШҰ мүше мемлекеттері қарулы күштерінің мүддесінде әскери мақсаттағы өнімдерді жеткізуді жүзеге асыру кезінде іске асырылуы мүмкін», - деп атап өтті ол. Келісімде сонымен қатар шекараны кесіп өту, шекаралық және өзге де бақылау түрлерін жүзеге асыру тәртібі, жүктерді күзету және тасымалдау қауіпсіздігі мәселелері, құралым және қарауыл құрамында адамдардың құқықтық жағдайы туралы айтылған. Екінші заң жобасы бойынша сөз сөйлей отырып, генерал-майор Талғат Мұхтаров ҰҚШҰ мүше мемлекеттерінің теміржолдарын техникалық тасалау жүйесі туралы келісімнің мерзімін ұзарту туралы хаттаманы ратификациялау,  Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы  мүше мемлекеттерінің қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету мәселелерінде маңызды мәнге ие теміржолдарды техникалық тасалаудың бірыңғай жүйесінің іске қосылуы бойынша іс-шаралардың үздіксіз орындалуын қамтамасыз етеді деп хабарлады.  Одан басқа, хаттама ҰҚШҰ шеңберінде жасалған жеке келісімдерге сілтемені өзектендіреді.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"