Әлемнің әскери қызметшілері ұлттық бұйымдар көрмесін жоғары бағалады

ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығында әз-Наурыз мейрамын мерекелеуге орай жұбайларымен әскери-дипломаттық корпусты қабылдау өтті. Мерекелік іс-шараға әскери-дипломаттық корпустың өкілдері, яғни, Қытай, Иран, Беларусь Республикасы, Әзірбайжан, Үндістан, Монғолия, Ресейдің әскери атташелері мен басқалар қатысты.

«Бүгін біз бұл жерге тығыз жұмыс жасайтын әскери-дипломаттық корпус өкілдерін шақыра отырып, Наурыз мерекесіне арналған іс-шараны өткізіп отырмыз. Біздің бүгінгі мәдени іс-шарамыздың мақсаты өзге елдердің әскери дипломаттарын халқымыздың мәдениеті, салт-дәстүрі және әдет-ғұрпымен таныстыру болды.  Жалпы алғанда, бұл еліміздің, ҚР Қарулы Күштерінің имиджін арттыруға, шет елдердің Қарулы Күштерімен тығыз достық қарым-қатынасты орнатуға бағытталған», - деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Мұхтаров.  Алғаш рет Қазақстанда аккредиттелген 30-дан аса елдің  әскери дипломатия өкілдері үшін Қазақстанның фольклорлық-этнографиялық өнерінің бірегей көрмесі ұсынылды.  Әлемнің әр елінің әскери қызметшілері дизайнер Ырза Тұрсынзаданың ұлттық бұйымдар көрмесін жоғары бағалады. 

«Елімізде бейбітшілік болмаса бір нәрсе шығару мүмкін емес, сондықтан қорғаушыларымызға маңызды басымдылық берген жөн. Менің ойымша, аталмыш көрменің ҚР Қорғаныс министрлігінің бастамасы бойынша Наурыз мейрамын мерекелеу аясында өтіп жатқаны заңды құбылыс. «Кәсіп түбі – нәсіп» демекші, мен бұл кәсіпті заманауи тұрғыда түрлендіріп көрсеткім келеді. Бұл ата-бабаларымыздың, ұлы даланың рухани мұрасы. Біз бұны мәңгі есімізде сақтаймыз және бағалаймыз», - деп дизайнер атап өтті.  Мерекелік іс-шара шеңберінде ҚР Қарулы Күштерінің мұражайына экскурсия жасалды, ҚР ҚМ әскери ансамблінің театрландырылған қойылымы қойылды. Салтанатты қабылдау ҚР Қорғаныс министрлігінің орталық ансамблі мен әскери оркестрі дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"