ҚР ҚК жеке құрамы 100 пайыз дауыс берді

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жеке құрамының 100 % белсенділік танытып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттары мен мәслихатының кезектен тыс сайлауына дауыс беруге қатысты.

Сағат 9.30-дағы жағдай бойынша  Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жеке құрамының 100 пайызы  дауыс беруді аяқтады. Таң сәріден бастап ҚР Қорғаныс министрлігі басшылық құрамының өкілдері, генералитет, ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев, Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы  контр-адмирал Жандарбек Жанзақов және Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы  авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов  сайлау учаскелерінде өз таңдауларын жасап, дауыс берді. Әскери қызметшілер жоғары белсенділік танытып, барша отбасыларымен сайлау учаскелеріне келді. Әскери бөлімдер мен мекемелердің аумақтарында құрылған 20 сайлау учаскесінде дауыс беру сағат 7.30-да аяқталғанын айта кетейік. Кезектен тыс сайлауда дауыс беруге ҚР Қарулы Күштерінің өкілдері мен олардың отбасы мүшелері қатысты. Олардың арасында Қорғаныс министрлігі, Бас штабы мен ҚР Қарулы Күштер құрылымдық бөлімшелерінің, орталық бағыныстағы бөлімдер мен мекемелердің, ҚР ҚК Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері, Әскери-теңіз күштері әскери бөлімдерінің, әскери оқу орындары мен жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілері бар. Дәл осы уақытта шет елдерінің жоғары оқу орындарында, яғни, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Украина, Түрік Республикасы, Оңтүстік Корея, Америка Құрама Штаттары, Қытай Халық Республикасы және Ұлыбританияда білім алып жүрген 180-ге жуық әскери қызметші де кезектен тыс сайлауға қатысты. Әскери бөлімдер мен мекемелердің аумақтарында құрылған сайлау учаскелерінде сайлау заңнамасының бұзылуы болған жоқ. Қазақстандық армияның әскери қызметшілері азаматтық борышты орындау, таңдау жасау және әрбір дауыстың маңызды екенін жете түсінеді. Сондықтан ҚР Қарулы Күштерінің барлық әскери бөлімдері, құрылымдық бөлімшелері мен мекемелері жаппай кезектен тыс сайлауға белсене қатысты.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"