Әскерилер арасында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы семинар өтті

Атырау гарнизоны Әскери полиция бөлімшесі «Өзіне-өзі қол жұмсау, жеке және отбасылық келіспеушіліктерге жол бермеу» онкүндігі аясында облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жеке құрамымен тұрмыстық зорлық-зомбылықтын алдын алу төңірегіндегі сұрақтар бойынша семинар өткізді.

Жиында Атырау гарнизоны Әскери полиция бөлімшесінің бастығы әділет майоры А.Бердібаев пен жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі Б.Төлегенова сөз сөйледі. Олар тұрмыстық кикілжіңді болдырмау жолдары мен құқықтық қатынас саласындағы бұзушылықтардың жауапкершілігі жөнінде әңгімеледі.

Атырау қаласы тұрмыстық зорлыққа ұшыраған әйелдерге көмек көрсету бөлімшесінің маман-тәрбиешісі А.Дүйсенғалиева мен психолог А.Мұсылманова осы бағытта атқарған жұмыстары туралы айтып, методикалық көмек көрсету бойынша пайдалы кеңестерін ұсынды.

Ашық диалог түрінде өткен шара барысында тұрмыстық келіспеушілікпен күресудің жолдары мен тәсілдері және зорлыққа ұшыраған адамдарға көмек көрсету әрекеттері жайында кеңінен талқыланып, әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

                                                                Атырау гарнизонының   Әскери полиция бөлімшесі


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"