Әскери барлаушылар арасында жарыс өтті

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының барлау құрылымдары арасында «Әскери барлаудың үздіктері» жарысы өтті.

Оған 44736, 30217, 40398, 27943, 10810 әскери бөлімдерінің командалары қатысты. Сайыс «Десант түсіру және 10 шақырымға маршты іске асыру», «Механик жүргізушілердің байқауы», «Атыс», «Барлау бөлімшесінің 5 шақырымға маршты іске асырып, міндеттерді орындағаннан кейін жиынның ауданына шығуы», «Кедергілер кешені «Барлаушының соқпақ жолы»»  кезеңдерінен құралды. Барлаушылар күрделі жағдайдағы мекенде БМП әскери техникасын жүргізуден жаттығуларды орындады. Байланыс, әскери-медициналық, әскери топография, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс, Калашников автоматынан, Макаров тапаншасынан, Драгуновтың мерген винтовкасынан оқ атудан, гранатаны дәлдікке лақтырудан дайындықтарының деңгейін көрсетті.

Бірнеше күнге созылған «Әскери барлаудың үздіктері» жарысының нәтижесінде бірінші орынды 44736 әскери бөлімінің командасы ұтып алды. Команданың капитаны – сержант В.Ковалев. Тәжірибелік атудан бөлімше командирі кіші сержант А.Алтыбаев (40398 әскери бөлімі), мерген ефрейтор Н.Сәбит (10810 әскери бөлімі), граната лақтырушы қатардағы М.Бохатов (10810 әскери бөлімі), ефрейтор Е.Маликов (40398 әскери бөлімі) жақсы жағынан көрінді. Нормативтерді тапсыруда байланысшы кіші сержант М.Сүлейменов (44736 әскери бөлімі) пен санитар кіші сержант А.Наметов (44736 әскери бөлімі) топты жарды. Ал, «Жеңіске жігерленген ерік үшін» міндетін орындағаннан кейін жиынның ауданына барлау бөлімшесінің шығуы барысында аға барлаушы ефрейтор М.Әнуарбекұлы (44736 әскери бөлімі), аға барлаушы қатардағы Д.Аслан (10810 әскери бөлімі), барлаушы-санитар қатардағы Д.Самаров (40398 әскери бөлімі), барлаушы-радиотелеграфист ефрейтор Н.Тілесов (27943 әскери бөлімі), бөлімше командирі сержант Д.Төлеулин (30217 әскери бөлімі) көзге түсті.

Айта кетейік, биыл жазда Ресей Федерациясының аумағында өтетін «Әскери барлаудың үздіктері» байқауына еліміздің әскери қызметшілері алғаш рет қатысады. Онда десантшыларды түсіру, белгіленген шақырымдарға маршты іске асыру, әскери қарудан оқ ату, жаяу әскер машинасын жүргізу, кедергілерден өту және операция жүргізудің ең күрделі тәсілі – тосқауыл жасау секілді кезеңдерден өтеді. Әскери мамандықтарға қатысты «АрМИ-2016» бағдарламасына далалық, әуе және теңіз дағдысы бойынша барлығы 23 байқау енгізіліп отыр. Қазақстандық құрама оның 21-іне қатысып, өзге мемлекеттердің Қарулы Күштерінің әскерилерімен бәсекеге түседі. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"