Сарбазбен сырласу: отанға қызмет - абыройлы міндет

Айдарымыздың бүгінгі қонағы –58012 әскери бөлімінің рота командирі аға лейтенант Ермек Болатұлы Әмзебеков. 1991 жылы туған, тәуелсіздіктің түйдей құрдасы жас әскери қызметшімен әңгімеміз тартымды өрбіді. Оқырмандарымыз да таныссын...

– Ермек Болатұлы, әскери салаға қалай келдің?

– Шынымды айтсам, әскери саланы бала кезімде армандаған жоқпын. Мен ән айтып, домбыра шерткенді ұнататын едім. Бала кезімнен ауылдағы орта мектептің жанындағы домбыра үйірмесіне қатысып, Еркебай ағайымнан көптеген күйлерді үйренгенмін. Бірнеше байқауға да қатысып, бағымды сынап, жүлделілердің қатарынан көрінгенім бар. Мен ес біліп қалған кезде ең кіші ағам Көкшетау қаласында орналасқан Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусына құжат тапсырып, жолы болып, оқуға түсіп кетті. Демалыстарында ауылға келіп тұратын. Ағам Қуаттың әр келгені мені әскери салаға қызықтыра бастады. Оның оқалы түймелі киімдерін кең болса да киіп алып, өзімді әскери қызметшідей сезінетінмін.

Мектеп қабырғасын тәмамдағанымда көп ойланбастан, Алматы қаласында орналасқан Құрлық әскерлерінің әскери институтына тарттым. Құдай ағамның жолын маған да берген екен, кездескен біршама қиындықтарды талпынысым мен құлшынысымның арқасында жеңіп шығып, курсант атандым. Осылайша, әскери өмірім басталып кетті.

– Әскери өмір сен ойлағандай болып шықты ма?

– Негізі ағам әскери өмірдің соқтықпалы, соқпақты екенін айтып жүретін. Ауылға келген кезінде, телефон арқылы сөйлескенімізде қызметтің қиындықтары мен машақаттарының оңай емес екенін үнемі алға тартатын. Алайда, менің талабым, талпынысым ештеңеге қаратпады десем де болады. Оның үстіне, әскери қызмет – Отанға қызмет екенін анық түйсінген едім. Ал бұл үлкен жауапкершілік пен адалдықты арқалатпаса, несі әскери қызмет?! Сондықтан мен психологиялық тұрғыдан барлығына дайын болып келдім де, оқыған білімімді бойыма мықтап сіңірдім.

– Жаңа ғана кіші ағаңның әскери қызметкер екенін айттың, отбасыңның басқа мүшелері туралы да әңгімелесеңіз.

– Өзім қарапайым отбасының тумасымын. Көп ағайындымыз. Әкем де, анам да шаруа адамдары. Үлкен ағаларым мен әпкелерім де жай мамандықтардың иесі. Өзім бір бала тәрбиелеп отырмын.

– Ермек Болатұлы, енді жұмыс барысына ойыссақ, қызмет барысында офицерлердің де, қатардағы жауынгерлердің де арасында көп жүресің. Біздің әскерилердің ішінде өз жұмыстарын жай ғана қызмет деп бағалайтындар басым ба, әлде, қызметтерін Отан алдындағы борышы санайтындар көп пе?

– Өте орынды сауал екен. Шынтуайтында, жоғары шенділердің арасында лауазымдарын мәртебе көретіндер бар екенін жасыра алмаймын. Десе де, елім өссе екен, жерім өркендесе екен, осы бағытта бір іс тындырсам екен дейтін ағаларымның қатары көп. Олар өздерінің Отанға қызмет етіп жүргендерін жақсы түсінеді, сезінеді. Мен, әсіресе, жыл сайын ауысып отыратын қатардағы жауынгерлерге риза боламын. Олар да Отан алдындағы борыштарын өтеп жүргендерін анық біледі. Арасында «атасы мен мамасының балары» бар екенін де айтпай кетуге болмас. Бірақ аз.

– Қорғаныс саласында жүрген қандастарымыздың, әсіресе, кейінгі толқынның бойынан нені көресің?

– Аға буынға кеңестік идеологияның ұраны қатты сіңіп кеткенін байқаймын. Олар сонда да өз жұртының «пұшпағын қал-қадірлерінше илеп», қорғанысымызды осындай деңгейге көтергенін мойындауымыз керек. Ал тәуелсіздіктің тумаларының ойы – сергек, болмысы – ерек. Бұл толқын күні ертең-ақ басшылыққа шығатын болса, әлеуетіміздің бұдан да зор арта түсетініне сенімім мол.

Бір айта кетерлігі, біз – кейінгі буын кешегі жүйе мен бүгінгі жүйені көрген үлкен ағаларымыздан көп дүниені үйрендік. Олар бізге адалдықты танытты, қайсарлықты сіңірді, жүректіліктің үлгісін көрсетті. Мен, әсіресе, еліміздің біртуар перзенті, Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің өмір жолы мен еңбек жолын және оның алдын көрген азаматтарды қатты қадірлеймін. Себебі, олар егемендігін енді алған мемлекеттің қорғаныс саласын айрықша қарқынмен еңбек етіп, осындай биікке жеткізді. Бұны – нағыз азаматтық, ерлік деп бағалауымыз керек.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"