Генерал Сабыр Рахымовқа арналған кеш өтті

Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Сабыр Рахымов атындағы «Жас ұлан» мектебінде «Генерал Сабыр Рахымовтың ерлік жолдары» тақырыбында мектепішілік тарихи-танымдық кеш өтті. Ғылыми жоба үйірмесінің жетекшісі Г.Пазылованың ұйымдастыруымен өткен шара генералдың туған күніне арналды.

Кеште батырдың курсант кезінен бастап, Ұлы Отан соғысы жылдарында жасаған ерліктері мен азаматтық-адамгершілік болмысы, сонымен қоса  жауға қарсы тұрып, қаза тапқанға дейінгі сәттері көрініс арқылы бейнеленді. Өмірі жайлы деректер келтіріліп, «Ер есімі – ел есінде» айдары бойынша батыр есімімен аталатын естеліктер баяндалды. Кешке қатысқан мектеп басшылығы мен қонақтар ұландардың өнерлеріне тәнті болып, генералдың бейнесімен қауышқандай әсерде болды.

Сұрапыл соғыс кезеңінде есімі «Азия арыстаны», «Темір генерал» деген атпен аңызға айналып, Отан қорғау жолында ерлікпен қаза тапқан Сабыр Рақымовтың есімін ешкім ұмытпайтыны анық.  
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"