«Жас ұлан» республикалық әскери мектебінің тәрбиеленушілері аруларды құттықтады

Көктемнің алғашқы мерекесіне орай ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері барша еліміздің аруларын құттықтады. Аға буын өкілдерінен Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық әскери мектебінің тәрбиеленушілері де қалыс қалмады.

Болашақ әскери қызметшілер әлемге мәшһүр әйгілі би трендін қостап, «шаффл» стиліндегі биді орындады.  Әсерлі қойылымның шешуші сәті 200-дей бозбаланың бір қатарға тізілген «жанды сегіздігі» болды. Өрімдей ұландар әскери мектеп тәрбиеленушілерінің барша аналарына 8 наурыз мерекесіне орай сыйлық ретінде  би қойылымын тарту етті. Армия генералы С.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық әскери мектебінің түлектері кейіннен сардарлар қатарына қосылып, Қазақстанның Қарулы Күштерінің әскери құрылымдарында  қызмет өткеретінін айта кетейік.  Мектеп оқытуды, тәрбие беруді, дене шынықтыруды жетілдіруді сапалы ұйымдастыру үшін  барлық қажетті заманауи оқу-материалдық базамен жабдықталған. Оқыту бағдарламасына мемлекеттік және шетел тілдерін, әскери пәндерді зерделеу және күшейтілген дене даярлығы кіреді.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"