Меруертті әріптестері құрмет тұтады

Капитан Меруерт Ідірісқызының мамандығы – химия және биология пәндерінің мұғалімі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлегі. Соны бітірісімен, 1999 жылы жаңадан ашылған «Жас ұлан» республикалық мектебіне өз мамандығы бойынша ұстаз болып орналасады. Ал, 2002 жылы 5 шілдеде Қарулы Күштеріміздің қатарына шақырылады. Түрлі лауазымдық қызмет атқарған ол қазір осы мектептің тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің идеология және арнайы насихаттау бойынша офицері.  Жүзінен мейірім, жан-жағына шуағын шашып жүрген айымды әріптестері де құрмет тұтады.

Күнделікті өмірін келешектің тәрбиесіне арнап жүрген ол: «Балаларды тәрбиелеу барысында көптеген қиындықтар мен қызықтарды өткересің. Десек те, ұландарға бар білгенімізді үйретуге тырысып бағудамыз. Осы ретте біз аты аңызға айналған  еліміздің тұңғыш Қорғаныс министрі, Халық қаһарманы, Армия генералы Сағадат атамыздың ұлағатты сөздерін ұландарға жеткізіп, саналарына сіңіруді мақсат тұтамыз, - дейді бізбен әңгімесінде.  – «Офицер деген атақты алып жүру, оған лайықты болу – басты міндет. Ол өзгеден бұрын алдымен өзіңе педагог болу керек. Ауылдан келген жап-жас балаларға жекіріп, ұрсып сөйлеу – ең үлкен кемшілік әрі мәдениетсіздік...  Әскердің аты – әскер! Тәртіптің аты – тәртіп! Погон тақтың ба, лайық бол. Ешуақытта жеріңді, еліңді бөлшектеме, халқыңды сүй, ұлтжанды бол! Жеріңдегі бар байлық елдің, иә, сенің еншіңде. Бағалай біл! Осыны ұмытпа!»  деген тұлғалы ағамыздың сөздерін  өз жадымнан шығармай, үнемі қайталап отырамын. Осы сөздер келешекте Отаны үшін әскери  қызмет  еткісі келген әр  жастың  үнемі есінде  сақтайтын қағидасы болуы  қажет деп ойлаймын», - дейді.

Иә, офицер Меруерттің әскери қызметке деген құрметін, іске деген адалдығын осы сөзден-ақ аңғаруға болады. Оның қалам ұстап, жазуын жіптіктей етіп жазатын да өнері бар. Талай мақалалары біздің газетте жарияланған, оқырмандарымызға да есімі таныс болар.

Сөз соңында, біздің басылымның тұрақты авторы Меруерт Смағұл: «Бүгінде нәзікжанды аруларымыздың Қарулы Күштер қатарында қызмет етуі – ерекше мақтанарлық жайт. Олар өз алдарына қойылған мақсаттар мен міндеттерді ер адамдармен бірге атқарып келеді. Еліміздің өркениетті елдермен терезесін тең ұстап, Қарулы Күштері қатарында қызмет жасап жүрген осындай ару қыздарымызды, сонымен бірге, «Жас ұлан» республикалық мектебінің әйелдер қауымын 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтай отырып, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі өрелі жұмыстарымен мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріне толымды табыстар тілеймін! Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұландарды тәрбиелеудегі істері өрге бассын. Ұландар еліміздің мәртебесін өсіріп, болашақты көркейтетін азаматтар болып өссін дегім келеді»,- деді.

Біздің де бұған алып-қосарымыз жоқ.  Қатарлас құрбыға біз де соны тілелік!
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"