Аға сержант Әсем Жәкенова: «Мерген – қорғаныста тіреніш, шабуылда сүйеніш»

Аға сержант Әсем Жәкенова - қол жекпе-жегінен спорт шебері, дзю-до және самбо күресінен спорт шеберлігіне үміткер. ТМД және ҚР Қарулы Күштері арасындағы жарыстардың бірнеше мәрте жүлдегері. 44736 әскери бөлімі 1-ші арнайы тағайындалған барлау ротасының аға барлаушы-мергені. Екі баланың анасы.

Әсем, көпшілік  сізді «мерген қыз» деп атайды. Мықты мерген атану үшін не істеу керек?

– «Мерген – бақылау, бүркеу және дәл ату өнеріне арнайы оқытылған сарбаз. Мергеннің мақсаты – командалық және байланыс құрамын, қарсыластың  мергені мен құпиясын жою. «Мерген» сөзі тұңғыш рет бірінші дүниежүзілік соғыста ұлыбританиялық армияда пайда болды. Ағылшынның «snipe»  сөзінен шығады. Яғни салмағы 60 грамм, түсі шұбар, қимылы шапшаң, әрі аулауы қиын құсқа байланысты туындаған. Құстың қазақша атауы – Тауқұдірет.

– Құралайды көзге атқан мерген қыздар осыдан бірнеше ғасыр бұрын да болыпты...

– Дұрыс айтасыз. Мәселен, қазақ халқының әскери қолбасшысы Кенесары хан мергендердің әскери тобын құрап, олардан садақ тартуды, дәл есептеуді және көздеудің әдіс-тәсілдерін шебер меңгеруді талап еткен екен. Ал, екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы 275-ші полктің автоматшылар ротасының атқышы Төлеген Тоқтаров пен «Шығыстың шынары»  атанған 54-ші арнайы атқыштар бригадасының 4-ші батальонының мергені Әлия Молдағұлованың ерлігі тарих беттеріне алтын әріппен жазылды. Сондай-ақ, Кеңестер Одағының кезінде мерген қыздардың бірі ретінде Гүлшат Майлыбаева танымал болды. Қандасымыздың винтовкадан оқ атудан 600 мүмкіндіктен 600 ұпай жинақтағаны жайында  талай басылымдар жазды. Яғни, мергендік өнері қай заманда болмасын жоғары бағаланған.

– Сіз 7,62 миллиметрлі СВД мерген винтовкасынан оқ атудан көрсеткішіңізді жылдан-жылға жаңартып келеді екенсіз.

– Оның барлығы күнделікті жаттығулар арқылы жинақталатын тәжірибе. Қысқасын айтқанда, мергендік – үлкен мектеп. «Мерген – қорғаныста тіреніш, шабуылда сүйеніш» деген нақыл сөз бекер айтылмаса керек. Әрі менің лауазымым – аға барлаушы-мерген. Ал, барлаушының басты міндеті: қарсыласты тауып, оның орналасу аумағын, күші мен құралын, қимыл-әрекетінің сипатын, ұрыс қабілетінің координаттарын анықтап алу, байланыс құралдары мен қару-жарақ түрлерінің нақты орнын белгілеу, сонымен қатар сол территорияның қорғаныс құрылыстары мен инженерлік-химиялық бөгеттерін барлау, табиғи ерекшеліктерін білу, су бөгеттері мен көпір жолдарының жәй-күйін анықтау, сондай-ақ қарсыластың қолындағы қару жарақтың жаңа үлгілерін қолға түсіру. Сол себептен барлаушы шапшаң, шыдамды, салқынқанды, денесі шыныққан, қандай қиындық болмасын төзімді болуы керек. Барлаушыға ынта мен жігер, білім мен біліктілік, әрі берілген тапсырманы тыңдай білу және оны іс жүзінде дұрыс орындай білу де аса қажет.

– Сондай білікті маман ретінде бірталай жетістіктерге қол жеткізіп жүрсіз. Мәселен, Минскіде өткен «Ынтымақтастық жауынгері» IV Халықаралық әскери-кәсіби шеберлік байқауынан жүлдемен оралғаныңыз есімізде...

– Иә, жеке есепте екінші орынды ұтып алдым. 2015 жылғы бәсекеге ТМД елдерінен тоғыз мемлекеттің өкілі келді. Жалпы алғанда, «Ынтымақтастық жауынгері» ТМД елдері арасындағы достықты одан әрі нығайтуға бағытталған. Сарбаздар арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, әскери қызметшілердің кәсіби шеберлігін барынша арттыруда бұл байқаудың маңызы зор.

– Мергендік пен барлаушылықты қоса алып жүру әйел затына ауыр емес пе?

– Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, даңқты қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы, Кеңес Армиясының қатарына командир ретінде шақырылған алғашқы қазақтардың бірі Бауыржан Момышұлының «Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындықтың белгісі. Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп еңбек еткін! Отан үшін отқа түс – күймейсің» деген қанатты сөздері менің өмірлік қағидамның басты ұраны. Әрине, әскерде қызмет ету қыз-келіншектер үшін оңай шаруа емес. Дегенмен, армияның тәртібі өзгеше. Тәртіпсіз армия болмайды.

– Қазақ қыздарының шығар биігі де, алар асуы да әлі алда. Әскери адам ретінде қандай тілек айтасыз?

– Барша қыз-келіншектерді 8 наурыз – халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Әрине, жеріміз тұтас, еліміз тату болсын! Отан қорғаушылар ел алдындағы парызын адал орындасын!
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"