Еліміздің Қарулы Күштерінде 8000-нан аса әскери әйел қызметшілер қызмет етеді

Қазір еліміздің Қарулы Күштерінде 8000-нан аса нәзік жанды әскери әйел қызметшілер өз қызметінің мәртебесін арттыруда.

ҚР ҚМ Кадрлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде Қорғаныс министрлігінің әкімшілік мемлекеттік лауазымда қызмет ететін әйелдер саны 65 пайызға жетіпті. Жоғарғы рангтағы 4 әйел жетекшілік қызметте. Оның үшеуі – Қорғаныс министрлігі Орталық аппараты департаменттерінің бастығы, біреуі – Қарулы Күштері Бас басқармасының бастығы. Сондай-ақ, медбике, байланысшы, іс жүргізуші, мергендер мен барлаушылар, планшетшілер мамандығының қыр-сырын да меңгергендер – осы жандар.

Әлемдік деңгейде Қазақстанның абыройын асырып жүргендердің арасынан да әскери споршы қыз-келіншектерді кездестіруге болады. Осы орайда Азия біріншілігінің жаңа рекордын (14,32 м!) жаңғыртып, күні кеше Азия чемпионы атанған ҚР ҚМ Орталық армия спорт клубының капитаны, жеңіл атлетші Ольга Рыпакованың есімін атап өтпей кетуге болмайды. 

Әлемді қолдап, қауіпсіздікті арттыруда да халықаралық міндеттердің басы-қасынан табылатындар да – осы нәзікжандылар. Бүгінде бітімгершілік бригадада әскери қызметін өтеп жүрген 80 әйел – соның дәлелі.  Осы миссияда Біріккен Ұлттар Ұйымына әскери сарапшы ретінде әйел әскери қызметшілерді даярлап, жіберу – келешекте жоспардағы іс.

Айта берсек, айбынымызды асырып жүрген әскердегі айымдарымыздың еңбектері мен жетістіктері жетерлік. Өз кезегінде мемлекет және министрлік олардың еңбегін бағалап, жарғыда қарастырылғандай, әскери атақ-дәрежесін көтеріп, марапаттар мен мадақтауларға ұсынып жатады. Мәселен, былтыр 2015 жылы жауынгерлік даярлықта жеткен жетістігі мен шыңдалған кәсібилігі үшін офицерлік корпустағы 4 әйел әскериге кезекті әскери шендер тапсырылды. Жалпы, ҚР Қарулы Күштері құрылғаннан бастап 15 әскери әйел қызметші – мемлекеттік, 86-сы ведомстволық марапатқа ие болыпты. Қарап отырсақ, аруларымыз асылдығынан алыстамай, ақыл-парасаттылыққа жүгініп, дана да дара болып жүреді. Қырмызы гүлдей құлпырған қорғаныстағы қыз-келіншектер хақында да солай деуге болады. Сондықтан, сөз соңында, еліміздің Қорғаныс саласында қызмет етіп жатқан барша әйелдер қауымын атаулы күнмен құттықтап, еңбектеріңіз еселеніп, мерейлеріңіз үстем болсын демекпіз. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"