Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу тақырыбында өзекті әңгіме өрбітті

Ақпан айының ортасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында Сарань қаласында орналасқан Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріне бағынысты 44803 әскери бөлімінде кездесу өтті. Оған Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі, «Нұрлы білім» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, дінтанушы Рүстем Сыздықов, әскери бөлім қызметкерлері мен сарбаздары қатысты.

Жиын басталмас бұрын  44803 әскери бөлімі командирінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бауыржан Арынов кездесудің мақсатына тоқталып, сөз кезегін дінтанушы Рүстем Сыздықовқа берді.

Қоғамдық бірлестіктің төрағасы, дінтанушы Рүстем Мәлікұлы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу тақырыбында өзекті әңгіме өрбітті. Қазіргі таңда халықтың, оның ішінде, әсіресе, жастардың санасын улап жатқан түрлі діни ағымдардан сақтану жолдарын, діни экстремизмнің зиянды тұстарын түсіндірді. Сонымен қатар, дәстүрлі ислам дініндегі ханафи мазхабының қазақ қоғамындағы, мәдени және әлеуметтік саладағы атқаратын тарихи рөлін, қандай сайттардан дәстүрлі ислам туралы ақпарат алуға болатынын, қандай рұқсат етілген кітаптарды оқуымыз қажеттілігін әңгімелеп, төл дініміздің ақиқаттығына тоқталды.

Кездесу барысында терроризм, экстремизм және жихад жайлы дайындалған бейнефильм көрсетіліп, кеңінен талдау жасалды.

Дінтанушы аталған мәселелер туындамас үшін, жастарымыз, балаларымыз қандай оқулықтарды оқып, қандай интернет ресурстарды қолдануда, араласатын ортасы қандай екендігіне назар аудару қажеттігін баса айтты.

Нұрбану БАЙМҰХАМБЕТОВА


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"